Салық бойынша берешектерді төлеуді кейінге қалдыру үшін не ұ
Салық бойынша берешектерді төлеуді кейінге қалдыру үшін не ұсыну қажет?
Салық төлеуші салық және (немесе) өсімпұл төлеу жөнінде салық міндеттемелерін орындау мерзімін өзгерту туралы өтініш беру керек. Өтініште салық және (немесе) өсімпұл төлеу мерзімін ауыстыру себептері көрсетілуі керек. Салық міндеттемелерін орындау мерзімін өзгерту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның мүліктік кепілі және (немесе) банк кепілдігі бойынша жүзеге асырылады.