Қандай шот-фактура бойынша ҚҚС есепке алынады?

Қосымша құн салығын есепке алу үшін шот-фактурада мыналар көрсетілуі тиіс:
араб сандарымен көрсетілген шот-фактураның реттік саны;
шот-фактура берілген күні;
тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алушы және тасымалдаушы аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) немесе толық атауы, мекенжайы;
тасымалдаушы мәртебесі - комитент немесе комиссионер;
тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді алушының және тасымалдаушының сәйкестендіру нөмері;
қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебіне тұру туралы тасымалдаушының-төлеушінің қосымша құн салығы туралы куәлігінің нөмері;
іске асылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің атауы;
салық салынатын айналым мөлшері;
қосымша құн салығының мөлшерлемесі;
қосымша құн салығының сомасы;
қосымша құн салығын есепке алғандағы тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің құны.