Салық кодексінде міндетті зейнетақы жарнасы туралы ештеңе ай
Салық кодексінде міндетті зейнетақы жарнасы туралы ештеңе айтылмаған, бұл жарналарды қалай есептеуді және аударуды қай жерден оқып алуға болады?
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеуді және аударуды реттейтін құжат «Зейнетақы жарналарын ұстау және аудару ережесі» болып табылады. (15.03.1999 №245 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесі» қаулысы)