Бас бухгалтер жұмыстан шығатын кезде істерді тапсыруға мінде

Бас бухгалтер жұмыстан шығатын кезде істерді тапсыруға міндетті ме?

Бас бухгалтерді жұмыстан босатқан кезде ол міндетті түрде жаңа тағайындалған бас бухгалтерге істерді тапсырады. Істерді тапсыру үдерісінде бухгалтерлік есептің жағдайы, есептік мәлеметтердің дұрыстығы тексеріледі, қабылдаушы және тапсырушы тараптармен қол қойылған, ұйым басшысы бекітетін алыс-беріс актісі жасалады. Акт 2 данада жасалады. Біреуі бухгалтерлік қызметте қалады, екіншісі – істі тапсыратын тарапта болады.