Бастапқы бухгалтерлік құжаттарға өзгерістер енгізуге бола ма
Кассалық және бухгалтерлік бастапқы құжаттарға өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Қалған бастапқы құжаттарды түзету тек операция қатысушыларының келісімімен енгізіледі, оған өзгеріс енгізілген күнді көрсетіп, құжаттарға қол қойған тұлғалардың қолымен расталуы тиіс.