Бухгалтерлік есеп туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілі
Бухгалтерлік есеп туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктің қандай түрлері қарастырылған?
Мұндай бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Әкімшілік жауапкершілік.
Айыппұл төлейді:
· Жеке және лауазымды тұлғаларға - 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
· Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Қылмыстық жауапкершілік.
Жазаланады:
· 300 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшеріндегі немесе сотталушының үш айға дейінгі еңбекақысы не өзге де табысы мөлшеріндегі айыппұлмен;
· немесе бір жылға дейін түзеу жұмыстарына тартумен;
· немесе 1 00 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшеріндегі немесе сотталушының бір айға дейінгі еңбекақысы не өзге де табысы мөлшеріндегі айыппұлмен қоса бір жылға дейін бас бостандығынан айырумен.