Ерекше Ертіс өзені

Ертіс (орыс. Иртыш, қыт. 额尔齐斯河) - Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.[1]
Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2. Бастауын Алтай (Қытай) сілемдерінен (Бесбоғда тауынан) алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі – Қара Ертіс, көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады. Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Тарбағатайдың солтүстік-батыс баурайын, Сарыарқаның солтүстік-шығысын, Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал етегін қамтиды.

Қазақ жерінде Ертіс ағынын Қатын, Қалба, Нарын, Тарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан жинайды. Көп жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалыптасқан. Бұл тұста жағаларының биіктігі 500 м-ге жетеді. Құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл қаласы тұсында 25 – 30 км-ге жетеді.

Ертіс (орыс. Иртыш, қыт. 额尔齐斯河) — Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2.