Дзю-до күресі туралы біле жүріңіздер?
Дзю-до (жапонша дзю – жұмсақ, до – жол).
19-ғасырдың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған.
1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіледі, Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Дзю-дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері – кимоно, белбеу және шалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. Қазақстанда дзю-до күресі 20-ғасырдың 60-жылдарынан бері дамып келеді. Асхат Жіткеев Пекинде (Қытай) өткен 29-Олимпиялық ойындарда (2008) күміс, дүниежүзілік чемпионатта (2004, Корея) қола жүлдені иеленді. 1995 жылдан Алматыда Ораз Жандосов атындағы халықаралық турнир өтіп келеді.