Сколари Кака мен Роналдиньоны Ұлттық құрамаға шақырып отыр
Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколари Кака мен Роналдиньоны Ұлттық құрамада қайта ойнатқысыкелетінін мәлімдеді .
«Футболшының қай чемпионатта жүргеніне қарамаймын, мейлі Европада немесе Бразилияда ойнасын. Ең бастысы командаға пайдасын әкелсе болды. Роналдиньо мен Кака секілді шеберлерге Ұлттық құрама есігі әркезде айқара ашық», – деді Сколари .
Пентакампеондардың жаттықтырушысы қос жұлдызды 2013 жылғы Конфедерация Кубогында сынап көрмек.-2013