Ювентус Дрогбаны келісім шартқа шақырып отыр
«Ювентус» Дрогбаны өздерімен жарты жылдық келісім шартқа отыруға шақырды. Туриндік клуб бұл шабуылшының чемпиондар лигасында да, «А» сериясында да өздері көмектесе алатынына сенімді.
«Corrieredellosport.it» сайтының жазуынша, «Ювентус» қытайлық «Шанхай Шеньхуаға» жарты маусым үшін үш млн. еуро бермекші екен. Алайда бұл қаржы Дрогбаның сол аралықтағы айлығын өздері көтеріп алу мақсатында ғана ұсынылып отыр.