Лондондық "Тотенхэм" жаңа шабуылшы іздестіріп жатыр
Лондондық «Тоттенхэм» алдағы уақытта жаңа шабуылшы іздестіреді деп күтілуде. Себебі, клубтағы негізгі ойыншылардың бірі саналатын Эммануэль Адебайор Африка кубогына аттанатын болды.
Қара құрлықтықтағы жарыс 19-ыншы қаңтар мен 10-ыншы ақпан аралығында өтетіні белгілі. Того құрамасы бұл сынның соңына дейін жетсін-жетпесін, «Тоттенхэм» белгілі бір уақытқа дейін Адебайорсыз қалатын болды.
Виллаш-Боаш жатықтыратын команда Бразилия құрамасының шабуылшысы Леандро Дамиао мен «Кристал Пэлас» командасының ойыншысы Уилфрид Захаға көз тігіп отыр.