8 минуттік жаттығу туралы білесіз бе?

Бұл жаттығу туралы алғаш рет The New York Times журналы жазды. Арада көп уақыт өтпей барлығы бұл жаттығуды жақсы біліп алды. Тіпті кейінірек ұялы телефондарда осы жаттығуға байланысты қосымшалар шықты. Қосымшаны ойлап тапқан адамдар Американың спорт медицинасында жұмыс істейді. Дайындық он екі жаттығудан тұрады. Бұған орындық, жар және 8 минут қажет. Бұл спортпен шұғылданудың түрі таңертеңгі бір сағат жүгірумен тең.

Бағдарламаның авторы Крис Джорданның айтуынша, жаттығу сіздің денсаулығыңызға оң әсерін тигізіп, өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі. Ал ең бастысы – уақыт үнемдейсіз.

Төмендегі суретке назар аударсаңыздар, барлығы көрсетілген. Алдымен бұлшық еттеріңізді бір қалыпқа келтіріп, алға созылған қолға тірек жасай отырып еңкейіңіз, артқа тік, төбемізбен алға ұмтыламыз, алмастыра отырып тізеге сол және оң жақ аяқты өкшені еденге баса отырып бұруды бастаймыз. Сөйтіп бұлшық еттер кезек-кезек демалады, себебі жаттығу арасы - 10 секунд. Жалпы жаттығу 30 секундтан аспау керек. Егер күнделікті өмірде осы жаттығуды қайталап жүрсеңіз, нәтижесін көресіз.

Бұл жаттығуды да тұрақты жасап тұру қажет