Теңіз жағасындағы үй / Иль Маре / Il Mare / Siworae


Аты: Теңіз жағасындағы үй / Дом у озера / Иль Маре / Il Mare / Siworae
Мемлекет: Оңтүстік Корея
Шыққан жылы: 2000
Жанр: мелодрама, фэнтези
Ұзақтығы: 105 минут
Режиссер: Hyun-seung Lee

Рөлдерде:
*Jun Ji-hyun - Чжун Чжи Хён
*Lee Jung-Jae - Ли Чжуң Чже

Сипаттама:
Сандра Баллок пен Киану Ривз ойнайтын "Дом у озера" фильмі осы фильмнің римейкі. Сол фильмді көргендер болса, осы фильмді де көруге ұсынамыз. Сюжет ұқсас болғанымен, корейліктер тамаша актерлік шеберлікпен бастапқы минуттан баурап алады.

1999 жылдың соңында Ын Чжу теңіз жағасындағы үйден қалаға көшіп, ескі пошта жәшігіне жаңа қожайындарға рождестволық құттықтау хатын жазып кетеді. Хатта сонымен қатар, босағадағы күшіктің іздері үшін кешірім сұрап, бірақ ол іздер оған дейін болғанын жазады. 1997 жылдың соңында бұл хатты жаңа қожайын Сон Хён оқиды. Босағада ешқандай күшіктің ізін көрмеген ол, хат иесі мекен-жайды шатастырып алған деп шешіп, елемейді. Алайда біраз уақыт өткен соң күшігі төгілкен бояуға аяғын былғап алып, босағада іздерін қалдырады. Сон Хён сол кезде жазылған хатты есіне алып, 1997 жылдан Ын Чжуға хат жазады. Кешегі хатыңызға 2010 жылдан хат жазып отырмын десе, сенер ме едіңіз? Бірақ кейіпкерлер бір-біріне сенеді, өйткені екеуін байланыстырар ұқсас жан күйзелісі бар...

Аударған: Zere
Редактор: Lee Yo Ma

Жаңа Жыл қарсаңында сіздерге таңғажайып та, әсерлі махаббат тақырыбында мелодрама ұсынып отырмыз. Әлбетте, көптеген фильмдердің ішінен неге тап осы фильмге назарымыз түсті десеңіз, фильм таңғажайыптығымен ерекше. Жаңа Жылда адамдар ертегідей өмірге сеніп, жаңа жыл оларды жаңа бақытқа кенелтетіндей сезімде болады.
Өткеніңізге оралып, кейбір оқиғаларды өзгерте алардай қасиетке ие болғыңыз келер ме еді? Әлбетте, мұндай ой екінің бірінде болған шығар. "Теңіз жағасындағы үйдің" авторы кейіпкерлерге осындай мүмкіндік береді. Егер бір мезеттегі, бір оқиғаны өзгертсе қалай болар екен, болашақпен емес, өткен шақпен сырласа алатындай болса ше деген толғаныспен әсерлі махаббат фильмін түсірген.
Фильм атмосферасы жалғыздық пен шарасыздыққа тұнып тұр. Бірақ соны емдеп алар, жарқын жаққа жол ашар үзілмес үмітпен өмір сүретін екі кейіпкердің шынайылығы мен тартымдылығы сізді романтикалық күйге бөлеп, фильм соңында тамаша меланхолиялық сезім қалдырады.