Мейрамбек Беспаев

Мейрамбектің дауысын ұнатпайтын қазақ жоқ шығар... Жалпы Мейрамбек Беспаев жайлы әңгіме қозғасақ. Қандай әндерін не болмаса қандай термелерін тыңдайсыз? Немесе Мейрамбекті актерлік шеберлігі жайлы өз ойыңыз.

Шыны керек, Мейрамбекті аса тыңдамаймын.
Барлық әндері мен термелері ұнайды!)
_
Мейрамбек Бесбаев Әбіләшімұлы 1976 жылы 7-қарашада қазіргі Тараз қаласында дүниеге келген. Анасы - Жібек, қарындастары - Айнұр, Гүлнұр. 2-мектеп-интернатта оқыған (осы мектепте қызмет істеген таныс апай айтатын "ойыбай, Мейрамбек пен Тоқтарға түкпір-түкпірден хат толастамайды" деп.) Мейрамбек жақында ғана Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды (лайық әлбетте). Ресми түрде әншім ғой, ал бейресми түрде - жездем) (трайбализм детектед (с))

Әндері өте терең мағыналы, сұхбаттары сондай салмақы

(талғамға талас жоқ, Мейрамбек бәріне ұнауға жаралған идеал мүсін емес, әнші ғой, адам ғой...)

Аллам қазақтың Мейрамбегіне жар болсын, отбасы, туыс, дос жараны, елі мен тыңдарманы аман болсын!
Көпшілік халықтың ықылас-пейіліне бөленген әнші, сөзсіз нағыз дарын иесі. Мен белгілі бір әншілердің табынушысы болмасам да, Мейрамбек ағамыздың өнерін биік бағалаймын. Тек тілерім орындауындағы мән-мағыналы әндері жалғасын тауа берсе екен.
Мейрамбек нағыз жұлдыз ғой. Нөмір бірінші жұлдыз десем, ешкім ренжи қоймас... Сымбатты, талантты әнші.
Сен үшін жаралғандаймын деген әні ерекше ұнайды
маған ол ойнаған "Алғашқы махаббат" фильмі ұнайды...жалпы мен үшін де ол "намбэ уан" ғо
Мейрамбекті сүйіп тыңдаймын!!!!!!!!! Әнші, термеші, актер ретіндеде ұнатамын! Өнеріне бас иемін!