Ай-ай дейтін жануарды білесіз бе?
Ай-ай лемуры сүтқоректілердің класындағы жартылай маймыл кейіпті жануарлардың түріне жатады және тек Мадагаскар аралында ғана өмір сүреді. Аталған лемурдің түрі азығын табу үшін тек түнде ғана ұясынан шығады екен.
Мадагаскар лемуры – Малагаси туристеріне күлкілі көрінгенімен, жергілікті тұрғындардың шырқын бұзатын жануар. Мадагаскар аралының көне тұрғындары аталған жануарды адам өлімін болжаушы деп білген. Оның бір саусағы басқаларына қарағанда біршама ұзындау келеді. Ай-ай ұзын саусағының көмегімен ағаштың бос қуыстарынан азығын тауып жейді.
Маймыл тектес жануарларды зерттеумен айналысқан француз зерттеушісі Пьер Соннер аталған лемурдің түрін 1780 жылы анықтаған болатын. Бір қызығы ғалымдар оның орынсыз орналасқан тістеріне қарап атын «Ай-ай» деп қойған екен. Пьер Соннер басында ай-айды көміргіштер тобына жатқызады. Кейіннен оның толық зерттелуі арқылы лемурдің бір түрі болып танылады.
Оның бойы тік болып, ұзындығы 44 см-ге дейін болады. Кеміргіштер секілді терімен қапталып, ұзын құйрығы 60 см-ден асады екен.