Төрешінің бетіне допты бар күшімен тепкен ойыншы 50 жылға фу
Швейцария чемпионатының төртінші лигасындағы «Португал» клубының жартылай қорғаушысы Рикардо Феррейра 50 жылға футболдан шеттетілді.
«Португал» және «Ворб» клубтарының арасындағы кездесуде Феррейра қосалқы құрамнан алаңға шығып, жақын қашықтықтан допты бар күшімен төрешінің бетіне тепкен. Аңтарылып қалған төреші Феррейраға бірден қызыл қағаз көрсеткен. Футболшы мұнымен шектелмей, төрешінің басына су құйып кеткен. Ферейраны әріптестері тоқтатып қалмағанда басқа да әрекет жасауға дайын еді.
Феррейра бұдан бес жыл бұрын төрешінің ысқырығын аузынан тартып алғаны үшін 1 жылға футболдан шеттетілген екен. Сондай-ақ, ол бірнеше рет футболшылар және төрешілермен жанжалдасып қалған.
Феррейраның ерсі қылықтары көбейіп кеткені үшін Швейцария футбол федерациясы оны 2064 жылға дейін футболдан шеттетуге шешім шығарған.