Тахауи Ахтанов атындағы драма театрды білесіздер ме?
1965 жылы облыстық мәдениет үйі жанынан Ақтөбе облыстық орыс драма театры ашылды. 1966 жылы театр бірінші маусымын «Между ливнями» пьесасымен - авторы А.П.Штейн, қоюшы режиссері Б.В. Виноградовтың спектаклімен ашты.
1992 жылы 18 шілдеде облыстық қазақ драма театры өз шымылдығын қоюшы режиссері Д.Жалекенов пен Т. Ахтановтың «Күшік күйеу» шығармасымен ашылды.
1997 жылы театрға қазақ халық жазушысы, жерлес драматург Т. Ахтановтың есімі беріліп, 1998 жылы облыс әкімінің шешімімен екі театр біріктіріліп, Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры деп атала бастады.
Театр жыл сайын қырық мыңнан астам көрермендерді қамтып, жыл сайын 5-6 жаңа қойылымдар әзірлейді. Соңғы жылдары қазақ труппасы Ә. Оразбековтың «Бір түп алма ағашы», С. Раевтың «О, қыздар!», В. Ежовтың «Соловьиная ночь», И. Саввин мен Ж. Тәшеновтың «Әй, Мұстафа, Мұстафа!», Л.Табукашвилидің «»Арманымның ақ құсы», Н.Садурдың «Панночка», Н.Гогольдің «Женитьба», М.Ладоның «Очень простая история»,А.Островский «Женитьба Бальзаминова», М.Шахановтың «Царство доверия», Н.Птушкина«Пока она умирала», Ж.Ануй «Приглашение в замок», А.Островский «Бесприданница», В.Гуркин «Прибайкальская кадриль», Н.Коляда «Курица», А.Курейчик «Осторожно, женщины», А.Слаповский «Рождение», Р.Ибрагимбеков «Прикосновение», А.Чехов «Предложение» и «В человеке все должно быть...», Ж.Мольер «Мещанин во дворянстве», У.Шекспир «Сон в летнюю ночь», Р.Тома «Восемь любящих женщин», Д.Бональ «Беспощадна, как сердце», В.Белякович «Куклы», В.Сигарев «Детектор лжи», Ч.Айтматов «Пегий пес, бегущий краем моря», Г.Лорка «Дом Бернарды Альбы», Кабо Абэ «Женщина в песках» және тағы басқа ересектер мен балаларға арналған спектакльдерді қойды.
2009-2010 жылдары театр ғимаратында көлемді жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сахна қайта жарақтандырылды.
Театр өнерін насихаттау мен дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін артистер В. Бриц ҚР еңбек сіңген артист атанып, Р. Телеуова, Б. Аитова мен
Ш. Бақытжанова «Құрмет» орденімен марапатталды.
Театрдың табыстары мен жетістіктері сын – ескертпелермен бағаланды. 1996 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық фестивальінде орыс труппасы Л. Герштің «Эти свободные бабочки» пьесасымен лауреат атанса, 2000 жылы қазақ труппасы М. Әуезовтың «Айман-Шолпан» спектаклі қойылымы арқылы республикалық театр фестивальінің лауреаты атағына иеленді. 2004 жылы театр артисі Елтай Кемал «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінде М. Мукатаевтың «Арпалыс» шығармасындағы басты рөлімен көзге түсіп, лауреат атанып, ал, 2005 жылы Қызылорда қаласында өткен республикалық фестивальде режиссер С. Виттих Д. Бональдің «Беспощадна, как сердце» спектаклін үздік қоюшы-режиссері деп марапатталды. 2007 жылы қазақ труппасы Қ. Жетпісбаевтың «Бала мерген» қойылымымен үздіктер қатарынан көрініп, республикалық конкурстың «Ең үздік балалар ертегісі» номинациясын жеңіп алды.