Жаңа Жылға қандай сыйлық қалайсыз?
Жаңа Жыл дегенде көз алдымызға ең алдымен шырша, Аяз Ата және сыйлықтар келеді. Иә, сыйлықтааааар! Сіз биылғы Жаңа жылдан қандай сыйлық күтіп жүрсіз? Ой бөлісіңіз!
Мен сыйлық жасамаймын ешкімге, сол үшін күтпеймін де сыйлық. Бірақ, енді "сыйлайыншы" деп қоймай жатса, ұялы телефонымды жаңартып алсам дейм, екі-үш айда-ақ жалықтым қазіргімнен)
Енді жақын адамдарыңнан сыйлық күтесің ғойййй ))) Өзім анама, екі інім мен сіңліме, әпкеме, әріптестеріме, үш құрбыма, жаныма сыйлық жасаймын деп жүрмін. Өзім креативті деп ініме жасап жатқан сыйлығымды бағалаймын. Оған Аяз атаның атынан шұбыртып тұрып хат жазбақпын )
Жаңа жылда жақсылыққа, үмітке, және армандарыма сенем! Мен үшін ең..ең..ең үлкен сыйлық жақын жандарымның аман болғаны. Одан басқа бақыт жоқ!
Кім қандай сыйлық алды?
Тәәәк ) Осы Жаңа жылда сыйлық жауып кетті ) Аттарын айтып жіберейін: естелік зат, жұмсақ ойыншық, әшекей, сурет салатын рамка, пижама, косметикалық құралдар, гүл.
өзіме өзім сотка сыйладым, көптен қалап жүрен. Ырзамын