Қазақ бойжеткендері болашақ жарынан не күтеді?
Мен үшін, маған сөз айтар жігіттің машинасы, үйі болуы маңызды емес, бастысы жүрегінде жақсы өмір сүруге деген ұмтылысы, ниеті болса болғаны. Ал жұмысы міндетті түрде болуы керек. Аяқ-қолы балғадай жұмыссыз жүретін жігіттерді жек көремін. Жылылық ұялаған отбасы құрып, содан кейин де машинаны да, үйді де алуға болады. Одан кейин маған бәленбай акша тұратын той көйлектің де, үлде мен бүлденің де керегі жоқ. Одан да сол артық ақшаны кейінгі өмірімізге жинауға кеңес берер едім. Той әрине болу керек, бірақ сонша шашылып қажеті жоқ. Той жасардағы шығынның да шегі болу керек деп ойлаймын. Одан кейін ол әрқашан өзінің орнын білу керек, кіші алдында да, үлкен алдында да өз кісілігін көрсете білуі керек. Одан кейін кемшіліксіз адам болмайды, кісі көзінше, үйдегі қонақтың көзінше менің бойымдағы кемшіліктерді айтпауы керек, ондай әңгімелер өзара, оңашада айтылуы керек деп есептеймін. Одан кейін жарым қай жағынан болса да менен бір сатыға жоғары болу керек. Одан кейін менің айтқандарыма көне бермей мені өз дегеніне АҚЫЛДЫЛЫҚПЕН көндіре білу керек. Маған қол көтермеу керек, сосын әрине басқаға көз салмау керек))))) Міне осылай. Қазір менің жасым 23 - те. Осы жасымда менің болашақ жарымнан күтер қасиеттерім осы ғана. Жоғарыда айтылған қасиеттердің барлығын Ардақты әкеме қарап жаздым. Ал, Сіздер, БОЙЖЕТКЕНДЕР, болашақ отағаларыңыздан нендей қасиеттер күтесіздер?
МӘССАҒААНННННН! Мынау қызға тез арада үйлену керек қой..........
Меникине оте уксас екен
Ен биринши ЖАУАПКЕРШИЛИК... Егер ер азамат шанырак куратын болса, ол киси омиринин сонына дейин Сизди жауапкершиликке алады, ягни 1-ши Алла алдында, 2-ши ата-аналарыныздын алдында..... ал акша жумыс той койлек той дегендер омир агымымен отип кететин нарселер ...