Неге осы байқауға халық әндерімен қатысады? Жаңа әнді таңдау керек қой негізінде. Халық әндері баяғыда өз орындарын алып қойған. Қатысқан соң, жаңа әндермен, жаңа стильдерімен қатысу керек деп ойлаймын.
Сондай-ақ, кей әншілер жайында да осыны айтар едім, Алтынай қатысқан санында Алмастың шәкірті шықты. Алтынай кім? Алмас кім? Жоға, Алтынайдың да бақ сынауына қарсы емеспін, тек, әр адам өз дәрежесінде сынға түспей ме? Бір санында дәрежелі, тәжірибелі әншілер, келесі санында жас, жаңа әншілер шықсын. Өзім Алтынайды қатты жақсы көрем, мәселе жақсы көретінімде ғана емес, ол, әлдеқашан өзін көрсеткен, дәлелдеген әнші ғой. Ол жеңсе де сын (кеше шыққандармен жарысса жеңбей қайтед? дегендей), жеңбесе де сын (қалай сонда? дегендей)...
Әділқазылар, ой, тойыс, пыросты қазылар туралы қазірше ешнәрсе демейін, дыыыым көңілім толмайды бір сөзбен...
Йә, ойларыңызбен келісемін) Алтынай негізі жобаға қатыспаймын деп қарсы болса керек, бірақ сен емес жобаға ән қатысады деп продюссері қоймай шығарыпты. Негізі ол жақта вокал ди ма басқа дейді ма әйтеуір бірденелеріне қарап болмайтын өлеңді хит деп шығарып қояды ғой. Ән кімге керек - халыққа, ал халық ондай вокал-сокалдарына қарап жатқан жоқ) Достар егер сөздерім көңілдеріңізден шықпай жатса ренжімеңіздер. Все таки "навичокпын" гой))
Әділқазылар, ой, тойыс, пыросты қазылар туралы қазірше ешнәрсе демейін, дыыыым көңілім толмайды бір сөзбен...
әр жексенбі кешкісін Еларнада, басталғанына көп болған жоқ өзі, ал нәтиже, яғни соңы жаңа жыл қарсаңында болады...