Алаша хан кесенесі — 12—13 ғғ. халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық мазар. Ол Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай кешенінен 2 км жерде салынған. Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген.
Мазарды зерттей бастау Уәлихановтың «Қырғыз қайсақ молалары және жалпы бұрынғы туралы» атты мақаласынан бастау алады. (1855 ж.). 1868 жылы подполковник Красовскийдің "Область сибирских киргизов" атты еңбегінде ежелгі құрылыс туралы сипаттама пайда болады. Орталық Қазақстанның сәуле ескерткіштерін зерттеуге «Атбасарцветмет» тресінің бас геологы Қ.И.Сәтпаев атсалысты. Кейін ол академик атанды.