Павлодар қаласының негізі қашан қаланды?
Павлодар қаласының негізі қашан қаланды?
Павлодар — Қазақстанның солтүстік-шығысындағы қала (1861 жылдан), өзімен аттас облыс орталығы (1938 жылдан), ірі темір жол станциясы, өзен айлағы және әуе порты. Тұрғыны 304,5 мың адам (2004). Қала Құлынды даласының оңтүстік-батыс шеті саналатын Ертіс өзенінің оң жағасында, теңіз деңгейінен 135 м биіктікте орналасқан. Іргесі 17 ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің маңындағы көлдерден тұз өндіруге байланысты қаланған.