Маған ұнаған ән
Маған ұнаған әнімді тауп беріңіздерші. "Қызыма", мынандай сөздері бар . Кімнің орындаунда? Минусовкасын қалай тапсам болады?
Өмірімнің жазира даласынан,
Қызғалдақтай құлпырған ажарысын
Нәзігімен жанымның жаратылған,
Сарайыма сән берген базарамсың.
Қайрмасы:
Өзің дала алдыңнан жарылқасын
Ата-анаңның қабыл-ал ақ батасын.
Құдаларым сендерге табыстадым
Жұрегімнің жұлып-ап бір қарағын
Аспанда күн муңайсаң тотылғандай
Өкпем сымай кеудеме сығылғандай
Кірбің түспей ақ жүзің арайлансын
Шашсын сауле ажарың ақылға сай
Қызыма
Еркетай едің елігім, қызым,
Елік те іздер серігін, қызым.
Ақ босағаңды аттарсың, қалқам,
Анаңның қимас жырымен, қызым.
Қайырмасы:
Сүрінбе қызым, құлама қызым,
Күлімде мәңгі, жылама, қызым.
Әкеңдей қамқор болар-ау деумен,
Тапсырдым сені құдама, қызым.
Бойтұмарымдай гүлім ең, қызым,
Бойжеткенің бе, шынымен, қызым.
Бағыңды іздеп бара жатырсың,
Әкеңнің қимас жырымен, қызым.
Қайырмасы.
Баласын баласы әкетіп барады,
Мұңайып не етесің?!
Сен бүгін ұшасың – кетесің.
Көкешім, әкеңнен әкеге жетесің.
Құлпырып жүрген гүл-арай, қызым,
Құлпырып өскен құралай, қызым.
Жылатпай сені өсіріп едім,
Жүргейсің енді жыламай, қызым.
Қайырмасы.
Қызыма
Еркетай едің елігім, қызым,
Елік те іздер серігін, қызым.
Ақ босағаңды аттарсың, қалқам,
Анаңның қимас жырымен, қызым.
Қайырмасы:
Сүрінбе қызым, құлама қызым,
Күлімде мәңгі, жылама, қызым.
Әкеңдей қамқор болар-ау деумен,
Тапсырдым сені құдама, қызым.
Бойтұмарымдай гүлім ең, қызым,
Бойжеткенің бе, шынымен, қызым.
Бағыңды іздеп бара жатырсың,
Әкеңнің қимас жырымен, қызым.
Қайырмасы.
Баласын баласы әкетіп барады,
Мұңайып не етесің?!
Сен бүгін ұшасың – кетесің.
Көкешім, әкеңнен әкеге жетесің.
Құлпырып жүрген гүл-арай, қызым,
Құлпырып өскен құралай, қызым.
Жылатпай сені өсіріп едім,
Жүргейсің енді жыламай, қызым.
Қайырмасы.
Супер ән осы!