осы ҚАРЫЗ алу, ҚАРЫЗ беру мәселесіне қалай қарайсыздар?
Алашағыңды ала алмай, берешегіңді бере алмай жүрген кезіңіз болды ма?
ой көп қой, қайсы бірін айтайын
Лажы болса қарыз алуды да, беруді де шектен шығармай, қалыппен іске асырайық!!!
Қарыз алған адамдар кей-кезде өздерінің жалынып-жалбарынып қарыз сұрағанын ұмытып қалады. Соған жыным келеді
Хадистерде айтады: "Қарыз беру - садақа беруден де сауаптырақ іс" деп, сондықтан қысылып тұрған адамдарға мүмкіндік болса қарыз беруден шаршамаңыздар!!!!
Қарыз берсем қайтара алмай қоямын деп ашуланудың қажеті жоқ сияқыт, ешкімде мойнына алған қарызын арқалап жүргісі келмейді, мүмкінідгі болмай жүрген ғой деп түсіністікпен қарауға тырысыңыздар
Қарыз аламын, қарыз беремін, шалқыған бай біреу болмаса, бұл бәрінің басында бар жағдай деп санаймын. Дегенмен, қарызды мүмкіндігінше тез қайтарып тастауға тырысып бағам Мен қиналған кезде ол берді ғой, енді ол қиналған кезде қалай тауып бере алмаймын? Ал қарыз берсем, ала алмай жүретін кездерім бар. Ондайда сұрай-сұрай жексұрын болудан басқа амал жоқ ))
қарыз бермеу керек, қарыз алмау керек менің ережем осы
Сенімді адамдарға қарыз беруге болады деп ойлаймын.
Біреуге қарыз беріп, ұмытып кетсең жақсы ғой. Егер қарыз алушы да жақсы болсы, әрине. Есіңнен шығып кетіп қиналып жүрсең, "Мә, өткенде сенен қарыз алып ем ғой" деп әкеп тұрса шіркін