Алма-Атинская станциясы осы жылдың соңында ашылады

Біздің қаланың атауын алуына байланысты қандай ой айтар едіңіздер?

Алматы деп айтқаны жөн дер едім. Алма-Атинскаясы аса ұнамай тұр
Маған да "Алма-ата" деген атау ұнамайды!!! :evil:
Алматы десін станцияның атауын :roll:
Біріншіден, орыстар "Станция "Алматы"" деген атауды қоя алмайды, өйтекені бұлары заңдарына қайшы келеді. 1995 жылдан бері Ресейде Алматы барлық құжаттарда Алма-Ата деп айтылады. Өзге елдің заңына билігіміз жүрмейді. Біз де Нихон мен Ниппон атауларын ресми түрде Жапония дей береміз ғой. Ал Жұңго елін Қытай деуіміз шындап келгенде мүлде дөрекілік.

Екіншіден, қазақтың "ы"-сына орыстардың тілі келмейді, фонетикаларына жат дыбыс. Содан құлағыма "ЯблокоСен" деп жаман естіледі.^_^ Мәскеуліктер "АлматЫнская" деп бұрмалағанша "Алма-Атинская" деп "дұрыс" атағандары абзал.

Ал метро бекеттерінің біріне туған қаламның атын бергендеріне рахметтен басқа айтарым жоқ.


Ал метро бекеттерінің біріне туған қаламның атын бергендеріне рахметтен басқа айтарым жоқ.

Оған да шүкір дейміз)))))
шынымды айтсам осы Алматыда биыл жазға дейін жүріп, бір рет те метроға отыра алмай кетіппін. Мүмкін қажеттілік болмаған шығар :?