Қазақстан және Франция мемлекеттері

Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы 2008 жылы 6,201 миллиард дол­лар­ды құрады. Ал Қазақстан Фран­цияға негізінен мұнай, металдар және металл құрылғыларын, химия өнімдерін, ауылшаруашылық өнім­дерін экспортқа шығарып келеді. Қазақ­стан болса, Франциядан электр және элек­трондық бұйым­дар және оның жаб­дықтарын, медициналық дәрі-дәрмек, авто­­көлік, тамақ өнімдерін және құры­лыс материалдарын алады. Осы тұста айта ке­тейік, Франция эли­талық тауарлар ретінде шарап, теңіз өнімдері шикізаттарын, киім-кешектер, тағы басқа тұрмысқа қа­жетті бұйымдарды жеткізеді.

Екі елдің бірін-бірі инвестиция­лау көрсеткіші де жыл өткен сайын жақсарып келеді. Франция Эконо­мика министрлі­гі­нің деректері бойынша, Франция Қазақ­стан Республикасының экономи­касына жалпы көлемі 2,005 миллиард еуро көле­мінде қаржы салды. Ал Қазақ­станның Фран­ция экономикасына бағыттаған ин­вестициясы 10 мил­лион еуроны құрайды. Оның 4 мил­лион еуросы 2008 жылы са­лын­­ған. Қазіргі кезде Қазақстанда Фран­цияның бірқатар компания­лары табысты жұмыс істеуде. Әсі­ре­се, екі ел арасындағы ынтымақ­тастық отын-энергетика сала­сын­да жақсы жолға қойылған. Мысалы, қазіргі кезде 40-тан астам фран­циялық компания Қазақстанның мұнай-газ, тау-кен өндірісі, энер­гетика, көлік және қыз­мет көрсету салаларында жұмыс жасауда. Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бой­ынша Қазақстанда француз капиталының қатысуымен 25 кәсіпорын ойдағыдай қыз­мет ат­қаруда. Бұл кәсіпорындар негізінен сауда, көлік-логистикалық қызмет­термен айналысады.

Қазақстан-Франция қаты­настарында алдағы уақытта қаржы-банк ынтымақ­тастығынан көп үміт күтуге болады. Бұған қазіргі кезде Қазақстанда “Сөсьетэ Жэнэғәл”, “Натексис Баңк Попүлэғ”, “БНП Пәғиба” және “Кәлиоң” банктері­нің жұмыс істеуі нақты дәлел болады. Мемлекет басшыларының кез­десуі мен жүргізген келіссөз­дерінде нақтыланғанын­дай, екі мемлекеттің экономикалық байла­ныстарын дамытуда Үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның жұмысын оң бағалауға болады. Жалпы, 1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аталған комиссия осы аралықта сегіз отырыс өткізген. Оларда Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарын дамытуға қатысты көптеген мәселелер талқыланып жүр.

Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастар да соңғы жылдары ойдағыдай дамып келеді. 1993 жылы екі елдің арасында осы салада­ғы байланыстарын жандандыруға бағыт­талған үкіметаралық келісім жасалған. Осы қатынастар бүгінде екі ел халқының мәдениет пен өнер салаларындағы бай­ланыстың негізі болып отыр. Содан бергі уақытта Алматыда “Альяңс Фғаңсез” мәдени білім агенттігінің өкілдігі ашылды. Бұл агенттіктің 139 елде филиалдары жұ­мыс істейді. Олар негізінен Франция үкі­метінің франкофония және мәдени-гу­манитарлық ынтымақтастықты дамыту­дағы басты құралы болып табылады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасында білім беру жөніндегі қатынастар да ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатында атап өткеніндей, “Бола­шақ” бағдарламасы бойынша Қазақстан­ның көптеген жастары Францияның беделді жоғары оқу орындарында білім алып, қазіргі кезде ел экономикасының дамуына үлес қосып жатыр.