Дания өнеркәсібі

Дания өнеркәсібі тауарларының көлемі де түріде өте көп.Оларды ішкі және сыртқы нарыққа жеткізеді. Өндіруші өнеркәсіп бойынша мұнай өндірісі (21,5 млн. т жылына), газ (10,8 млрд. куб. м жылына) және құрылыс материалдары. Басты қайта өңдеу өндірісінде — машина жасау және метал өңдеу (электротехникалық, радиоэлектроника, кеме құрастыру, станкалар жасау,тамақ өндірісі бойынша құрал-жабдықтар),тамақ, химия, фармацевтика,ағаш өңдеу және басқалар.Ауылшаруашылығында халықтың 3,5% жұмыс істейді.Басты саласы етті сүтті ірі қара мал бағу және шошқа шаруашлығы.Астықтардан бидай,күріш,тары егеді. 2/3 ауылшаруашылқ өнімдері экспорт жасалынады.

Тамақ өнеркәсібінде сүті өнімдері,ет өнімдері ұн және пива жасайды.Химия өндірісінде бастысы –бұл бензин,дәрілер және пластиктен жасалған заттар.Машина жасауда двигателдер ,ауылшаруашылық машиналары, насостар, термостаттар, тоңазытқыштар және телекоммуникация құралдары.Сонымен қатар кеме құрастыру дамыған.

Соңында басты сатылатын тауарларға даниялық мебельді, киімді және ойыншықтарды атауға болады.Әлемде даниялықтардың дизайнын жоғары бағалайды.

Ауыл шаруашылығы. Басты ауылшаруашылығындағы сала ет-сүтті қара мал шаруашылығы.Ол 9/10 ауылшаруашылығының тауарын береді.Сонымен қатар картоп,қант қызылшасы,бидай егеді.Балық аулау 1,6 млн. т. (1986 жылы).Данияда жер бедері қолайлы болғандықтан 64% жер ауылшаруашылығында. Ауылшаруашылығының 80% тауары кооперативтер тарапынан дайындалады.Кейінгі кезде Данияда ауылшаруашылығының маңызы төмендеуде.

Астық өндіру және азыттық өнімдер. 1995 жылы егілетін жерлер 58% құраған.Ол жерге картоп қант қызылшасы, турнепс және кольраби егілген.Ал 25% жеге азықтық шөптер егілген,немесе жайлау ретінде пайдаланған. 1996 жылы елде 4 млн. т тары өндірілді.Бұл 80 жылдаға қарағанда 30% аз.Тары шошқа үшін азық болып табылады.Сонымен қатар пива жасау үшінде пайдаланады ,қалғаны экспортқа кетеді.Бидай өндіру 1995 жылы 4,2 млн. Т жетті.Басқада өнімдерден:қара бидай 429 мың. т, күріш 169 мың. т, картоп 1,6 млн. Т және қант қызылшасы 3,5 млн. т.Бидайды негізінен Шығыс Ютландияда,батыс Зеландияда және Фюнда егеді.Қара бидай Орталық және Батыс Ютландияда егіледі.Күріш Солтүстік және Батыс Ютландияда егіледі. Картоп негізінен Ютландияда кеңінен тарқалған.

Көкеніс және бау-бақша өнімдері. 1970 жылдан бұл өнімдер көлемі азаюда. 1980 жылдар аяғында өнім жинау кезінде көлемі 305 мың. т құрады; оның 60% алмаға тура келеді,ол–– 75 мың. т азайған.Жер көлемі бойынша бау-бақшалы 25% аудан Ютландияда орналасқан.Қалғандары аралдарда.Интенсивті түрде көкеніс және бақша өндірісі оңтүстік шығыс Зеландияда дамуда.Олардың өнімі Копенгаген және Слагельсе консерва зауыттарында өңделеді.Екінші басты аудан –Фюн аралы және Оденсе және Свеннборг консерва зауыттары. 1995 жылы 40 мың . т алма жиналған осының ішкі нарыққа 40% кетеді.Данияда 1995 жылы тамақ өнімдерінің импорты 5,1 млрд. долл., ал экспорты –11,6 млрд. долл. құрады. Мал шаруашылығы. 90% астық өнімдері қара мал ,шошқа және үй құстарының азығына кетеді. 1994 дылы қара мал бағатын 65% ферма бар. Данияда сүтті мал шаруашылығы еттіге қарағанда дамуда.1983 жылы сүт өнімінің мөлшері – 5,4 млн. т, 1995 жылы ол 4,6 млн. т азайды. Қара мал саны 3 млн. дан 0,8 млнға дейін азайды. Ірімшік экспортынан 1996 жылы 1 млрд. долл.пайда түскен. Негізгі мал түрлері– алақара дат және қызыл дат сыйырлары.Екіні түріне сүт өнімінің 90% тура келеді.Негізгі мал шаруашылығы ауданы– Ютландия.Бұл жерде 75% қара мал орналасқан.Шошқа саны 1993 жылы 11, 6 млн. бас.Шошқа өнімінің көлемі 1,7 млн. т, экспорттағы пайдасы 1996 жылы 3,4 млрд. долл.құраған. 3/4 ет өнімдері экспортқа кетеді.Негізінен дамушы елдерге жіберіледі. Балық аулау. Балық экспорты мемлекетке 2,1 млрд. долл. 1993 жылы әкелді.Бірақ 1995 жылы бұл көрсеткіш 520 млн. долл.қысқарды.Басты ауланатын балық треска болып ол 1/3 құрайды.Басқада ауланатын балықтардан камбала, теңіз шаяны және сельдь. Баст балық ауланатын жерСолтүстік теңіз және Скагеррака,басты порт Ютландияның батыс бөлігінде орналасқан.Кеме қатынасында Солтүстік теңізде, Эсбьерг қызмет теді. 1980 жылдан ресурстарды эксплуатация ету көбейіп Солтүстік теңіз ластанған соң балық аулау төмендеді.