Дания экономикасы
Экономикасы туралы жалпы мәлімет. Дания – жоғары деңгейде дамыған өнеркәсіптік ,халқының өмір сүру дәрежесі жоғары болған әлемдегі дамыған мемлекет.Экономикасында жеке сектор басты орында. Дания өнеркәсібі әртараптанған.Негізгі ерекше дамыған электронды құрылғылар өндірісі, тамақ ,кеме өндірісі және құрылыс. Ауылшаруашылығында басты ролді балық аулау алады.Дания экономикасын екінші дүниежүзілік соғыстан кейінғана қалпына келтіре алды.Ауыл шаруашылығының ұлттық кірістегі үлесі 20% пайызға 1953 жылы, 3,9% пайызға 1995 жылы кміген.Данияда қызмет көрсетуде 74,7% халық жұмыс істейді.Жалпы ішкі өнімде сыртқы сауда үлесі 54,9% құрайды. 1991–1997 жылдары жұмыссыздар үлесі 10,3%, ал инфляция 1990–1995 жылдары – 2,5% құрады.Жалпы ішкі өнім Данияда 1995 жылы 173,3 млрд. долл.,немесе 33 144 долл. халыққа шаққанда тура келді.Ол кезде жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша тек қана Швейцария және Жапониядан кейін тұрды.
Мемлекет шығыны 1996 жылы ЖІӨ 46% құрады,осының жартысы зейнетақы мен жәрдем ақыға бөлінген. Орташа экономикалық даму 4,5% пайыз 1960 жылы ал 1,7% пайыз 1986–1995 жылдары аралығында..
Мемлекеттік бюджет. 1996 жылымемлекеттің табысы 61,3 млрд. долл. құрады,шығын – 65,6 млрд., дефицит 2,5% пайызды(ЖІӨ) құрады. 46% әлеуметтік төлеулерге, 13% –білімге және ғылыми зерттеулерге, 10% –кәсіпкерлікті дамытуға, 10% – денсаулықты сақтауға, 3% –қорғанысқа , 3% – мәдениетке шіркеуге , 2% – орын-жай субсидиясы және 2% –полиция мен құқық қорғау органдарына. Амттер және муниципалитеттер өздерінің салық инспекциясына ие.Олар орталық үкіметке бағынады.Данияның таза қаржылық қарызы 1994 жылы 38 млрд. долл. құраған,бұл ЖІӨ 26,2% пайызына тең.
Сыртқы сауда. Экспорт және импорт ЖІӨ-нің 1/3 құрайды. 2/3 сыртқы сауда –бұл Еуро Одақ елдерімен жүргізіледі.Негізінен Германия мен. Еуро Одақтан басқа АҚШ және Жапония.
75% экспортты өнеркәсіптік тауарлар құрайды.Бұлар құрылғылар,химиялық өнімдер,ауылшаруашылық өнімдері.Ауылшаруашылығы экспорттың 15% құрайды.Қызмет көрсету экспортты 10% пайызды құрайды. Импорт бойынша 70% шикізаттық тауарлар құрайды. 30% экспортты тұрмыстық тауарлар ,яғни автомобилдерде бар. Қызмет көрсету саласы.Данияда экономикалық дамуында білімді халықтың арқасында қызмет көрсету арқылы үлкен табысқа ие болып отыр. 1994 жылы бұл сала 71% жұмыс орнына ие болған,ЖІӨ-де 72% (49% жеке сектор және 23% қоғамдық).Негізгі қызмет көрсету саласына банктер,туризм, қаржылық, транспорт және сауда. 1994 жылы шетелдік туристерден түскен қаржы көлемі 3,8 млрд. долл. құраған.