Дания этникалыө құрамы мен климаты
Этникалық құрамы[өңдеу]
даттар 98%, эскимостар, фарерлер, немістер. Евангелиялық лютерандықтар 91% құрайды,ал қалған протестанттар және католиктер 2% құрайды. Дания бір ұлтты мемлекет.Аз санды немістер еврейлер және польяктар ассимилияцияға ұшыраған.
1960 жылы өндіріс дамуы қосымша еңбек күшін талап етті.Осыған байланысты мемлекетке еңбек ( "gastearbejdere" – гастарбайтерлер) эмигранттар келді. 1980жыл соңына қарай көп санды туріктердің, югославтардың ,ирандықтардың, пакистандықтардың қоғамдың бірлестіктері пайда болды.Ресми тілі – дат тілі ,норвег тіліне жақын.Ағылшын тілі неміс тіліне қарағанда әйгілі емес.Көшпенді Герман тайпалары – англы, саксы және дандан–Данияға бірінші ғасырда қоныс тепкен.Осы тайпалардан қазіргі Дания халқы құралып отыр.Сонымен қатар даниялықтар тілінде диалект бар ,негізінен копенгагендік диалектте сөйлейді.
Евангелиялық Лютеран шіркеуі ресми Данияның шіркеуі болып мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.сондада сенім бостандығы бар.Бұл шіркеуге кіргендер елде 87% құрайды.Маңызды аз санды діний қоғамдық бірлестіктерден мусулмандар (74 мың адам).Қалған – католиктер (33 мың), баптистер (6 мың.), иудейлер (5 мың.) .
Табиғаты[өңдеу]
Жер бетінің түзлісі. Дания жер аумағының көп бөлігін толқынды онша биік болмаған жазықтықтардан құралған.Мемлекеттің ең биік нүктесі Идинг-Сковх тауы (173 м),Ютландияның шығысында орналасқан.ең төменгі жері (12 м ) – батыс бөлігінде орналасқан.Дания жер бедері плейстоцендердің мұздық қабаттарының әрекеті нәтижесінде пайда болған.Жерінде көптеген қазаншұңқырлар бар ,оларда көл және батпақтар орналасқан.Елдің солтүстігінде қабатты теңіздік жазықтықтар тарқалған.Негізгі жынысы – әктастар ,олар кейінгі бор және кайнозой эраларында пайда болған.Осы жыныстармен жер асты сулары тығыз байланысты.Данияның шығыс бөлігі көп терең –терең шұңқырлармен бөлінген.Батыс және солтүстік бөлігі құмды төбелер кездеседі.оңтүстік батысы теңіздік әрекетер нәтижесінде пайда болған.Осы аралықта су тасқынынан қорғайтын көптеген бөгендер , дамбалар салынған.
Климат[өңдеу]
Дания теңіздік жұмсақ қысқа ие жер.Мұхитәсері қыста қатты байқалады.Ақпан айының орташа температурасы 0° С,шілде 15–16° С. Жыл бойы көптеп жел соғады.Көбінесе батыстан.Қыста бұлтты күндер көп болады.Жазда болса күншуақты болып келеді.Көктем кеш түседі.Жылдық орташа шауын-шашын көлемі Ютландияның батысында 800 мм , Үлкен Бельт бұғазында 450 мм. Көп мөлшерлі жауын-шашын күз және қыс уақытына тура келеді.Жауын жаңбыр түрінде түседі. Өзен мен көлдері.Мемлекеттің жер беті көптеген өзен торларымен қаптаған.Олардың жылдамдығы жоғары емес және ұзындығы қысқа болып келеді.Су тасқындар қыста болады.Ең үлкен өзені – Гудено Ютландияның шығысында орналасқан.Ұзындығы 158 км құрайды.Көлдер негізінен орталық Ютландияда шоғырланған.