Дания туралы

Дания – Солтүстік Еуропадағы мемлекет. Ол Юкатан түбегінде және Дания архипелагында орналасқан.

Дания Орталық еуропа жазығының солтүстігінде Еуропа мен Скандинавия түбегі аралығында орналасқан. Бұл корольдік ІХ ғасырдан бастап өмір кешуде.

Дания солтүстігінен оңтүстігіне қарай 360 км және шығыстан батысқа қарай 480 км созылған.Дания аумағы 43 093 км 2 ( Гренландия мен Фарер аралын қоспағанда).Мемлекеттің үлкен бөлігі (29 776 км² ) Ютландия түбегінде орналасқан. Дат архипелагына 500 аралдар кіреді.Олар негізіненЮтландия шығысында Балтық және Каттегат бұғазы аралығында орналасқан.Ауданы 12 729 км² ,ал Борнхольм аралы Балтық теңізіндегі – 588 км² .Данияның жағалауының ұзындығы 7438 км құрайды.

Дания құрғақ жер арқылы тек қана Германиямен шекараланады.Бұл шекара ұзындығы 68 км созылған.Шығысында Дания Швециямен шекараланады,ол Эресунн (Зунд) және Каттегат бұғаздары арқылы өтеді,солтүстігінде Скагеррак бұғазы Данияны Норвегиядан бөліп тұрады.Дания солтүстік теңіз шельфінің шығыс бөлігі болып табылады.Сонымен қатар Дания құрамына алдыңғы колонияларыда кіреді.Олар Фарер аралдары және Гренландия аралы,бұлардың парламентте өз өкілдері бар.

Фарер аралы Шотландияның солтүстігінде 375 км ұзақтықта орналасқан.Оның аумағы 1399 км² құрайды.Олар Дания билігінде 1380 жылдан бастап болған,тек қана 1948 жылдан өздерін басқару құқығын алды. Гренландия – көлемі жағынан ең үлкен арал,аумағы 2 175 600 км² , бірақ оның тек 341 700 км² мұздан арылған.Гренландия Данияның 1729 жылдан колониясы болған, 1953 жылы мемлекет бөлігі ретінде қабылдады,ал 1979 жылы автономия статусы берілді.

Салалық өнеркәсіп құрылымы.Жалпы ішкі өнімдегі ауылшаруашылық,орман шаруашылығы және балық ұқсату салаларының көлемі— 3%,өнеркәсіп — 21%,қызмет көрсету–76% (2006 жыл).