Аустрия экономикасы

Экономикасы
Аустрия экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет.Ел экономикасына ГФР компанияларының ықпалы күшті.Аустрия жылына 0,5 млн. тонна көмір, 1,0 млн. тонна мұнай, 4,5 млн. тонна болат және 54,9 млн. кВт сағат электр энергиясын өндіреді(1996 ж.).Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара металлургия, алюминий өнеркәсібі, машина жасау(станоктар, транспорттық машиналар, электротехникалық бұйымдар), химия өнеркәсібі(азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жасанды талшық, резина шығару), ағаш өндеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркендеген.

Аустрия шаруашылығанды мал шаруашылығының маңызы өте үлкен.Егіншілікпен қатар бау-бақша, жүзім шаруашылықтары дамыған.Аустрияның ұлттық табысы жылына 202,8 млрд. американ доллары болса, оны жан басына шаққанда 25,2 мың долллардан келеді.Соңғы көрсеткіш бойынша Аустрия Еуропа экономикалық аймағы бойынша алтыншы орында.Экспортқа жылына 55 млрд. доллардың өнімі шығарылып, 65 млрд. доллардың өнімі сырттан әкелінеді.Ал дүниежүзілік ішкі жиынтық өнімдегі Аустрияның үлесі 0,5%-тен сәл артық.

Аустрияның ірі қалалары
Вена
Линц
Грац
Зальцбург
Инсбург
Клаугенфурт
Әкімшілік құрылымы[өңдеу]

Австрияның Федералдық Жерлері
Елдің Конституциясы бойынша Аустрия 9 жерден (немісше - Bundesland) тұратын Федеративтік Республика.

Аустрияның жерлері:

Бургенланд - жер аумағы: 3966 км² (Австрия жерлері арасында 7-ші орын), халқы: 278 000 (9-шы орын), астанасы: Айзенштадт қаласы;
Каринтия - жер аумағы: 9536 км² (5-ші орын), халқы: 559 000 (6-шы орын), астанасы: Клагенфурт қаласы;
Төменгі Австрия- жер аумағы: 19 178 км² (1-ші орын), халқы: 1 546 000 (2-ші орын), астанасы: Санкт-Пельтен қаласы;
Жоғарғы Австрия - жер аумағы: 11 980 км² (4-ші орын), халқы 1 377 000 (3-ші орын), астанасы Линц қаласы;
Зальцбург - жер аумағы: 7 154 км² (6-ші орын), халқы: 515 000 (7-ші орын), астанасы Зальцбург қаласы;
Штирия - жер аумағы: 16 392 км² (2-ші орын), халқы: 1 183 000 (4-ші орын), астанасы Грац қаласы;
Тироль - жер аумағы: 12 648 км² (3-ші орын), халқы: 701 556 (5-ші орын) Инсбрук қаласы;
Форарльберг - жер аумағы: 2 601 км² (8-ші орын), халқы: 360 000 (8-ші орын), Брегенц қаласы;
Вена - жер аумағы: 414 км² (9 -шы орын), халқы: 1 670 000 (1-ші орын), Вена қаласы.
Діні[өңдеу]
2001 жылы өткен халықтық есепке сәйкес, Австрия халқының 73,6% — католиктер, 4,7% — лютерандықтар, 4,2% - мұсылмандар, 2,2% - православиялық християндар, 0,1% - иудаизм дінін сенушілер; барлығы 12 конфессиялары тіркелген. Халықтың 12% өздерін ешкандай дінге жатқызбайды. (1991 жылы олар халықтың 8,6% құраған).