Австрия өнері мен мәдениеті
Музыкасы[
Аустрия музыка елі деген атпен белгілі.Оның музыкасы өнерінің қалыптасуына елдің географиялық орны және оны мекендейтін халықтардың(венгер, словак, серб, чех, украин, румын, хорват, т.б.) мәдениеті мен салт-дәстүрлері тікелей әсер етті.Еуропаның дәл ортасында тұрған Аустрия музыкасы Германия мен Италияның кәсіби өнерімен тығыз байланысты дамыды.Орта ғасырдың басында мұнда лирикалық ән өнері кеңінен дами бастады.8 - 13 ғасырда музыка өнерінің шіркеулердің мектепте ән сабағын жүргізуі, көпшіліктің музыка мен биді қатыстыра отырып, діни көріністер ұйымдастыруы маңызды ықпал етті.12 - 13 ғасырда музыка мәдениеті, негізінен, сарай, өнері түрінде дамыды.Ал 14 ғасырдың соңында көп дауысты хор дүниеге келді.15 ғасырда сарай капеллалары пайда болды(Вена, Инсбурк, Грац қ.), кәсіби капельмейстерлер(Ю.Слатконья, Г.Финн), органшылар(П.Хофхаймер, Х.Грауэндорфер, К.Краль, т.б.) жұмыс істеді.
Вена ун-тінің ұйымдастырылуы(1365 жылы) Аустрияда музаканың дамуын жаңа сатыға көтерді.Студенттер мен Әулие Стефан шіркеуінің әнші-оқушылары мерекелік жиындарда бірігіп хор орындауды дәстүрге айналдырды.16 ғасырдың ортасында хордың, би музыкасының сүйемелдеуімен көпшілікке арналған студенттік спектакльдер қойыла бастады.Осындай театрлар кейін Аустрияның барлық ірі қалаларында құрылды.Әсіресе, көне дәстүрі бар Зальцбург театрларының атағы кең тарады(Осы театрға арнап В.А.Моцарт 11 жасында Аполлон мен Гиацинт атты латын комелиясына музыка жазған).17 - 18 ғасырларда Италияның опера оратория және шіркеу музыкасының шеберлері(А.Чести, Н.Порпора, А.Сальери, т.б.) Венада жұмыс істеді.Бұл Венаның ірі опера өнері орталығына айналуына әсер етті.18 ғасырдың ортасынан бастап аспаптық музыка дамыды.Й.Гайдн, В.Моцарт, Л.Бетховен бастаған Венаның классикалық музыка мектебі пайда болды.Бұлардың ыңғайындағы К.Глюк опера өнерінде реформа жасап музыканы сахналық драматургия заңдарына бағындырып, вокалдық шығармады сөз бен әуеннің біртұтастығын енгізді.Осыларға 19 ғасырдың бірінші жартысында Ф.Шуберт жеңіл әуенді тұрмыс-малт музыкасына негізделген романтизмді қосты.19 ғасырда Аустрия вальстың отаны атанды.Оның негізін салушылар Й.Ланнер және Штраустар әулеті болды.19 ғасырдың басында Г.Маллер Аустрияда симфониялық музыканы өзінің тарихи биігіне көтерді.
20 ғасырдың ортасында романтикалық реализм бағытындағы музыка мектебі қалыптаса бастады.А.Кауфман, Ф.Вильдганс, кейін М.Рубин, аға буыннан А.Уль осы мектепті ұстанды.Австрияның музыкасының дамуы мен танылуына Й.Й.Фукс, Й.Й.Альбрехтсбергер, Р.Валлашек, Р.Лахман, О.Э.Дейч, В.Фишер, Э.Шенк сияқты музыка танушылар, Г.Малер, Ф.Шальк, К.Краус, Э.Клейбер, Г. фон Караян, Ф.Штидри сияқты дирижерлер, З.Тальберг, Э.Зауэр, Ф.Гульда сияқты пианистер, Ф.Крейслер, Й.Майзедер, В.Шнейдерхан сияқты скрипкашылар, И.Фогль, А.Дермота, К.Унгер, А.Мильдер-Хауптман, М.Брандт, И.Зефрид сияқты әншілер көп еңбек сіңірді.Вена қаласында мемлекеттік опера, Фолк-сопер театры, камералық театр, Музыка мен сахна өнерінің академиясы, консерватория, Музыка достарының қоғамы бар.Халықаралық жаңа музыка қоғамының австриялық бөлімі, жастардың халықаралық музыка федерациясы, Венаның ер балалар хоры, Вена-Моцарт қоғамы, Штирийск музыка қоғамы(Грай қаласында) тұрақты жұмыс істейді.Австрия композиторлар одағы, Зальцбургте моцарттанудың ірі орталығы - Халықаралық Моцартеум қоғамы(1841 жылы) бар.Вена, Зальцбург, Грац қалаларында музыка мен драма өнері академиялары құрылған.Вена, Зальцбург, Брегенц қаласында тұрақты музыкалық фестивальдар өтіп тұрады.
Театры
Аустрияда 14-15 ғасырдан қала алаңдары және жәрмеңкелерде көрсетілген миракль, мистерия түріндегі ойы-сауық, ал 16 ғасырда кезбе-актерлер тобы, 16-7 ғасырда иезуиттер театры пайда болды.18 ғасырдың басында Аустрия театр өнерінің дамуына әсер еткен актер әрі драматург Й.Страницкий Венада тұңғыш тұрақты театр(1712) ұйымдастырды.1741 жылы Венада "Бургтеатр" аталған Корольдік театр ашылды."Бургтеатрдың" қалыптасуына режиссер әрі журналист Й.Шрейфогельдің басшылығымен жұмыс жасаған С.Шрейдер, М.Корн, Г.Аншюц сияқты актерлер көп еңбек сіңірді.18 ғасырдың соңында Вена маңайында ашылған театрларда("Леопольдштаттеатр", "1781; Виденертеатр", 1787; "Иозефштатеатр", 1788) В.Моцарттың, Й.Гайднның опералары қойылды.19 ғасырдың басында осындай ұсақ театрлар өзінің шарықтау биігіне көтерілді.Оған драматург-актерлер Ф.Раймунд пен И.Нестройдың ұлттық комедия жанрындағы шығармалары мен демократиялық бағыттағы еңбектері себеп болды.20 ғасырдың ортасында Аустрия театры ұлттық өнерді дамыту жолындағы жұмысын жаңаша жандандыруға кірісті.Зальцбургте халықаралық театр фестивалі өткізіліп тұрады.Венадағы бейнелеу өнері мен музыка академиясы жанында Вена теарт тану инститтуты мен М.Рейнхардт семинары ғылыми орталығы бар.