Автрия тарихы

Австрия атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жылдан бастап Австрия — «Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғасырдың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді, 1453 жылдан — эрцгерцогтық.

18 ғасыр Габсбургтер Бельгияны, Италияны, поляк, украин жерлерінің біразын өзіне қаратты. 17—18 ғасырларда Австрия монархиясы Түркиямен, Франциямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияға қарсы соғыста Ломбардиядан айырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты.[4]


Вена - Аустрияның елордасы
1156 — Аустрия Бавариядан шығып тәуелсіз мемлекет болады

1526 — Авустрия Хорватияны басып алады

1687 — Мажарстан мен Трансильвания Австрияға кіреді

1772 — Аустрия Галиция аумағын өзіне қосады

1804—1867 — Аустрия Империясы

1867—1918 — Аустрия—Мажарстан монархиясы құрылды. 1-дүн. жүз. соғыста Аустрия—Мажарстан Алманияның басты одақтасы болды. Аустрия—Мажарстан монархиясы ыдырағаннан кейін 1918 ж. карашада Аустрия республикасы құрылды.

1938 ж. наурызда герман әскерлері Аустрияға басып кіріп, Алманияға қосып алды (аншлюс). Аустрияның фашистер үстемдік еткен 7 жылы оның тарихындағы ең қаралы кезең болды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Аустрия Гитлер армиясы қарулы шабуылының алғашқы құрбандарының бірі болды.

1943 ж. Мәскеуде КСРО, Ұлыбритания, АҚШ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданган декларация бойынша Алманияның Аустрияны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскерлері Аустрия шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат етті. Бірақ Аустрия бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Фрәнкістан, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасында 4 оккупациялық аймаққа бөлінген қалпында кала берді.

1945 ж. сәуірінде Кеңес Армиясы Венаны және елдің көпшілік бөлігін азат етті.

1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Аустрия мемлекеттерінің өкілдері Аустрияның тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шартқа қол қойды. Австриядан шетел әскерлері шығарылды, сөйтіп ол қайтадан тәуелсіз ел болып, сол жылы қазан айында елдің парламенті Австрияның тұрақты бейтараптығы туралы конституциялық заң қабылдады, ал 1955 ж. желтоқсанда БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Аустрияның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көрсетілген міндеттемелер мен тұрақты бейтараптық мәртебесіне негізделген.

1996 жылдың 1 қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып кабылданды.

1992 ж. 19 ақпанда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты.