Болгария Монархиялық-фашистік төңкеріс
Монархиялық-фашистік төңкеріс[өңдеу]
1932 жылы Бұлғарстанда профашистік «Звено» партиясы құрылып, әскери және монархиямен бірлесіп, мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырады. Мемлекеттік төңкеріс 1934 жылы мамыр айының 19-ы күні жүзеге асты. «Халық блогы» үкіметі құлатылып, оның орнына К.Георгиев басқарған әскери-фашистік жаңа үкімет құрылды. Үкіметтің алғашқы шараларының бірі – парламентті таратты. Саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды. Әскери адамдарға арқа сүйеген монархия 1935 жылы қаңтарда монархиялық төңкеріс жасады, К.Георгиев үкіметі отставкаға кетті. Болгарияда монархиялық-фашистік диктатура орнайды. Үкіметке патша сарайына жақын адам Г.Кюсейванов тағайындалады. Болгария патшасы Бористің қолдауына сүйеніп, Германия мемлекетімен достық қатынас орнатады. 1936 жылы қараша айында Борис Германияға барып Гитлермен кездеседі. Болгария мен Германия арасында экономикалық-сауда келісіміне қол қойылады. Неміс капиталы Болгария экономикасының 2/3 өз қолдарына алады. Ауыл шаруашылығы дамып, егіс көлемі мен мал саны өседі. Темекінің, жеміс-жидектің егіс көлемі артты. Болгарияда мал етін өңдейтін ет комбинаттары мен ірі тоңазытқыштар салынып, еттің 85% Германияға тасылады. Болгария темекісін өңдейтін темекі фабрикалары салынып, темекі өнімдерінің 90% Германияға жіберілді. Болгария Германияның шикізат өнімдерін шығаратын вассалына (тәуелді) айналды.
1938 жылы екі ел арасындағы жасырын келісім бойынша Германия Болгарияға қару-жарақ беріп, әскерлерін неміс қаруымен жабдықтайды. Германия Болгарияға теміржол вагондарының 100%, жүк таситын автомобильдің 90%, тыңайтқыштың 100%, паровоздың 80%-ын беріп отырды. 1937 жылы Болгария үкіметі Югославиямен «мәңгілік достық» келісіміне қол қойды. 1938 жылы шілде айында Грециямен достық қатынас туралы Самолника келісімі болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың бірінші кезеңінде Болгария өзінің профашистік саясатын жасырып, бейтараптық саясат ұстайды деп жариялады. 1940 жылы халық жиналысын таратып, елде жаңа үкіметті Б.Филов басқарады. «Ұлтты қорғау» заңын шығарып, террорлық саясат басталады.
Фашистік жастар ұйымы құрылады. Германияға жұмысшылар жіберіліп, соғысты жақындата түсуге көмектеседі. Елдің экономикасы толықтай соғысқа дайындалды.
1941 жылы наурыз айының 1-і күні Вена қаласында Болгария «үштік одаққа» кіру туралы келісімге қол қояды. Фашистік Германия әскерлері Болгария жеріне кіргізіліп, Югославия мен Грецияны жаулап алу плацдармына айналдырады. Болгария мен Германия бірігіп, Македония мен Францияны жаулап алады. Монархиялық фашистік Болгария үкіметі және патша Борис Германияның одақтасына айналып, 1941 жылы маусымда Германия Кеңес одағына соғыс ашқанда, Болгария антисоветтік саясатын жалғастырды. 1944 жылы 5 қыркүйекте КСРО Болгарияға соғыс жариялап, Кеңес Армиясы Болгарияны азат етті. Болгарияның мемлекеті және құқығы