Болгари мемлекетінің тарихының кезеңдері
Болгари мемлекетінің тарихының кезеңдері
1 кезең – «Жеті тайпа одағы» (VII ғ.), бұл кезде Византияның құрамына кірген Балқан түбегінің ірі бөлігі – Мизияны славяндар жаулап алды;
2 кезең – Бірінші Болгар патшалығы, бұл кезде мынадай оқиғалар орын алды:
– 667-668 ж.ж. Мизияға Аспарух хан бастаған протоболгар дружинасы басып кірді, бұлар Византияны жеңеді де, 681 ж. византиялық император ІV Константин Аспарух ханмен бейбіт келісімге келді, бұл жаңадан пайда болған славян-болгар мемлекетін тануды білдірді;
– 893-927 ж.ж. славян-болгар мемлекеті Симеон княздың тұсында Балқандағы үстемдік құрушы державаға айналды; жиі қайталанған өзара соғыстар мен үстемдік құрушы таптағы қайшылықтар Болгар мемлекетінің әскери және экономикалық қуатының әлсіреуіне алып келді, мұны пайдаланған Византия Болгарияны 1018 жылдан бастап 1187 жылға дейін өз қол астына алды;
3 кезең – Екінші Болгар патшалығы (1187-1396 ж.ж.) болгар халқының византиялық күштеуге қарсы азаттық күресінің нәтижесінде құрылды.
Қоғамдық құрылым. Славян-болгар мемлекетінің таптық негізін феодал – жер иеленушілер мен шаруалар құраған. Феодалдар табына ірі феодалдар ақсүйектер – боярлар мен олардың вассалдары – ұсақ феодалдар кірген.
Шаруалар да бірнеше санаттардан тұрған:
париктер – феодалдарға тікелей тәуелді, жерге бекітілген және одан кетуге құқығы болмаған; отроктар – тәуелді шаруалардың ең төменгі санаты; технатарийлер – өз қожасының шаруашылығындағы қажеттіктер үшін қызмет ететін қолөнершілер.