Болгарияның экономикалық және саяси дамуы

Бірінші дүниежүзілік соғыста Болгарияүштік одақ мемлекеттері жағында соғысты. Болгарияөз одақтастары сияқты бұл соғыстан жеңіліп шықты. Соғыс елдің экономикасын күйзеліске әкелді. Болгариясоғыс жылдарында алманияны азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың ауыртпалығы халықтың мойнына түсті. Өнеркәсіптің 70%-ы тоқтатылды. Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырап, егіс көлемі 25-30% қысқарды. Елде қымбатшылық болып, азық-түлік жетіспеді. 1915-1918 жж. нанның бағасы 4 есе, ет – 5есе, қант – 3 есеге қымбаттады. Солдаттарға қару-жарақ, азық-түлік жетіспеді. Соғыстан қажыған солдаттар үйлеріне қайтуды талап етіп, соғыс майдандарында үкіметке қарсы қозғалыс кең етек ала бастады. 1918 жылы 26 қыркүйекте Владай селосындағы болгар солдаттары көтеріліске шығып, София қаласына бет алды. 29 қыркүйекте Владай көтерілісіжеңіліс тапты. 30 қыркүйекте Болгария соғыстан шықты. 3 қазан күні Болгарияпатшасы Фердинад тақтан түсіп, елдің билігін баласы Бориске берді. 1918 жылы 17 қазанда Бұлғарстанда ұсақ буржуазиялық үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына социалистер мен БЗНС (Бұлғарстанның жер, халық одағы) партиясы кірді. Елде саяси дағдарыс шиеленісіп, революциялық ахуал күшейді. Жаңа үкімет кейбір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Біріншіден, елде кешірім (амнистия) жариялады, екіншіден, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. Бірақ бұл шаралар елдегі саяси дағдарысты жоя алған жоқ. 1919 жылы наурыз айында Болгар социал-демократиялық (тесняктар) партиясының ХХІІ съезі болды, бұл съезд партияның атын өзгертіп, Бұлғар Коммунистік партиясы деп атады. Оған БКП басшылары Васил Коларов, Георгии Димитровтар сайланды. 1919 жылы жаз айларында революциялық қозғалыстар кең етек алды. БКП басшылық жасап, халықтың арасында беделі өсті. 1919 жылы тамыз айында халық жиналысына (парламент) сайлау өтті. Сайлауда БЗНС ұсақ буржуазия партиясы жеңіске жетсе, екінші орынды БКП жеңіп алды. Парламентте 47 депутаттық орынға ие болды. Сайлаудан кейін бір партиялық БЗНС үкіметі құрылды. Үкімет басшысы болып БЗНС партиясынан Стамболийский тағайындалды. Болгариямонархиялық-буржуазиялық ел болды. Бұлғар патшасы Борис орнында қалды. Стамболийский үкіметінің ішкі және сыртқы жағдайы өте ауыр еді.

1919 жылы 27 қарашада Нейи-Сюрсенде Антанта елдері мен Болгария арасында келісімге қол қойылды. Нейи келісімі бойынша, БолгарияГрекияға Фракияны қайтарды. Югославияға 2500 кв км жері, Кула, Цариброд, Струлищ қалалары берілді. Сонымен бірге, Румыния Добрудж жерін алды. Болгария2250 млн франк төлем төлеуге келісті. Грекия, югославия мен Румынияға 70 мың мал, 50 мың тонна көмір беруге тиісті болды. Нейи бітімі Болгарияүшін өте ауыр соқты.

1920 жылы наурыз айында Бұлғарстанда парламент сайлауы болды. БЗНС партиясы жеңіске жетіп, А.Стамболийский жеке үкімет құрды. Елде бірпартиялық билік орнады. Стамболийский елде бірталай өзгерістер жүргізді. Бұлғарстанда экономикалық даму байқалды. Егіс көлемі өсіп, картофель, қант қызылшасы, темекі өнімдері мол өндіріле бастады. Мал басы өсті. Өнеркәсіп саны артып, капитал шоғырланып, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар көбейді. Француз капиталы еркін кірді. Болгария аграрлы ел болып қала берді. Шаруалар партиясы бола отырып, аграрлық реформа жүргізді. Ірі жер иеліктерінің меншіктерін тежеп, «жерді кім өңдесе, жер соныкі» деген принципті жүргізді. 1923 жылы мажоритарлық сайлау жүйесін енгізді. Сәуір айында өткен парламент сайлауында БЗНС 87% дауыс алып, парламентке көп депутат өткізді. Бірпартиялық жүйе нығая түсті. Парламент арқылы конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынды. Елде Стамболийскийге қарсы буржуазия мен патша төңірегіндегі әскери топтар үкіметтік төңкеріс дайындап жатты. «Халық бірлігі» атты фашистік партия құрылып, мемлекеттік төңкеріс жасауды қолдады. Саяси дағдарыс жылдарында БЗНС партиясы жалғыз қалып, БКП-ны қолдамады. Әскери топтар мен фашистер бірігіп, 1923 жылы маусым айында төңкеріс ұйымдастырды. Бұлғарстандағы маусым төңкерісі. 1923 жылы 8 маусымнан 9 маусымға қараған түні мемлекеттік төңкеріс жүзеге асты. А.Стамболийский тұтқындалып, үкіметі мекемелерін басып алды. Мемлекеттік төңкерісті фашистік «Халық бірлігі» партиясы, офицерлік топтар және патша Бористің өзі қолдады.

Монархиялық-фашистік билік орнады. Жаңа үкіметке «Халық бірлігі» партиясының басшысы А.Цанков тағайындалды. Стамболийскийді қолдаған топтар өте әлсіз болды. БКП мен халық Стамболийскийді қолдамады. БКП мемлекеттік төңкеріс арқылы келген үкіметті, ұсақ буржуазиялық топтарды қолдады. Бірақ бұл реакциялық буржуазиялық топтар болатын. А.Цанков үкіметі елде қарсыластарына қарсы терор ұйымдастырып, БКП-ның қызметіне тыйым салды. 1923 жылы 5-7 тамызда БКП-ның Орталық комитетінің отырысында өздерінің тактикалық қателіктерін мойындап, елде фашизмге қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыруға шешім қабылдады. 12 қыркүйекте елде жаппай террор кең етек алды. 2,5 мың коммунист тұтқындалды. БКП халықты көтеріліске шақырды. 19-20 қыркүйекте Старозаор округінде антифашистік қарулы көтеріліс басталды. Қарулы көтерілісті басқару үшін әскери – революцалық штаб құрылды. Жалпыхалықтық көтерілісті В.Коларов, Г.Демитров және Г.Геновтер басқарды.

23 – қыркүйекте көтеріліс Бұлғарстанның Врачан, Видин округтерін түгел қамтыды. Фердинанд қаласы көтерілісітің орталығы болды. Оңтүстік Болгарияда халық көтерілісі кең етек алды. Бірақ округ ауылдарыдағы көтеріліске қатысқан шаруаларда бірлік болған жоқ. Көтерілісшілерді қаладағы жұмысшылар қолдамады.

А.Цанков үкіметі көтерілісті басу үшін жақсы дайындалды. Сондықтан округтердегі аздаған қарулы топтарды бірінен соң бірін басып отырды. 1923 жылы 30 қыркүйекте Болгариядағы антифашистік көтеріліс жеңілді. Еуропада Италиядан кейінгі орнаған фашистік диктатураға қарсы халық көтерілісін басқарған БКП әлі де тәжірибесінің аздығын көрсетті. 30-жылдардағы Еуропа елдеріндегі фашизмге қарсы күресте тәжірбесіздік, біртұтас жұмысшы майданын құра алмау олардың жеңілуіне әкеліп соқты. Франция мен Испаниядағы фашистік бүлікке қарсы күресте «Халық Майданын» құру арқылы ғана жеңске жете алады. Коммунитік Интернационалды басқарған Г.Димитров 1935 жылы Коминтеннің VII конгресінде баяндама жасап, өз қателіктерінен сабақ ала отырып, антифашистік күштерге Коминтерннін стратегиясы мен тактикасын белгілеп береді.