Португалия тарихына шолу

Ежелгі тарихы

Пиреней түбегіндегі халықтар көші(790-1300ж.)
Португалия аумағын адамдар тас дәуірінен мекендей бастаған. Қола дәуірінде елдің солтүстікнде металлургиялық өндіріс дамыды. Б.з.б. 1-мыңжылдықта Португалияға кельттер келіп қоныстанды. Б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда лузитандар көшіп келді. Олар мал шаруашылығымен және егіншілікпен шұғылданды. 5 ғ-да Португалия жері свевтер корольдігінің құрамына енді. 585 ж. вестготтар свевтер мемлекетін өздеріне қосып алды.

Ортағасырлардағы Португалия
713 — 18 ж. Португалияны арабтар мен берберлер басып алып, Кордово халифатының құрамына кіргізді. 1143 ж. тәуелсіз Португалия корольдігі (астанасы Коимбра) құрылды. 13 ғ-да Португалияда сословиелік монархия орнап, 15 — 16 ғ-ларда абсолютизм орнықты. 15 ғ-да португалдар Африканың батыс жағалауын, Мадейра, Жасыл Мүйіс және Азор аралдарын өзіне қаратты. 1500 ж. Бразилияны басып алуға кірісті. Шығыс Африкаға, Үндістанға, Оңтүстік-Шығыс Азияға экспансиясы күшейді. 1581 — 1640 ж. Испанияның қол астына қарады.

Жаңа замандағы Португалия
Африкадағы Португалия отарларының соғысы(1961-74ж.)
1703 жылдан бастап Англияға, 1807 ж. Францияға тәуелді болды. 1820 ж. қыркүйекте либералдық конституция күшіне енді. 1822 ж. 7 қыркүйекте Бразилия тәуелсіздігін алды. 1910 ж. 4 қазандағы португал революциясы нәтижесінде монархия құлатылды. 1-дүниежүзілік соғысқа (1916 жылдан бастап) Антанта жағында қатысты. Соғыстан кейін елде саяси жағдай күрт нашарлап, 1926 ж. 28 мамырда Португалияда әскери диктатура орнады. 1932 ж. шілдедегі төңкерістен кейін фашисттік тәртіп орнады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Португалия АҚШ-пен тығыз әскери-саяси ынтымақ орнатты. 1948 ж. 28 қыркүйекте Маршалл жоспарына, 1949 ж. 4 сәуірде НАТО-ға қосылды. 1950 — 70 ж. елде саяси жағдайлар қайта шиеленісті. Португалияның отарларында ұлт-азаттық қарулы көтерілістер басталды. 1974 ж. сәуірде елде әскерилер көтеріліс жасап, Ұлттық құтқару кеңесін құрды. Отарлардың губернаторлары орнынан алынып, парламент, Ұлттық халық қимылы фашисттік партиясы, Қауіпсіздік бас басқармасы таратылды, саяси тұтқындар босатылды, сөз, баспасөз бостандығы жарияланды. Португалияда демократиялық өзгерістер жариялана бастады. 1975 ж. елде мемлекеттік және аграрлық реформалар жүргізілді. Португал үкіметі Африкадағы отарларына толық тәуелсіздік берді. 1976 ж. сәуірде жаңа конституция қабылданды. 1976 жылдан Португалия нарықтық қатынасқа толық көшкен, көппартиялы демократиялық елге айналды.

Экономикасы

Португалия Еурокеңеске(көкпен боялған) мүше

Португалия - ЕО мүшелерінің бірі
Португалия индустриалды-аграрлы ел. Елде металл өңдеу, химия, мұнай өңдеу, тігін, балық консервілеу, шарап жасау өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары кеме жасау және жөндеу, электр жабдықтары, күкірт қышқылы, тыңайтқыш, тоқыма, аяқ киім өндірісі дамуда. Халқының 20%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Басты ауыл шаруашылығы өнімдері — астық өнімдері (бидай, күнбағыс), картоп, жүзім, зәйтүн жемісі, ет және сүт өнімдері алынатын мал шаруашылығы дамуда. Елге туризм едәуір табыс әкеледі. Экспортқа тігін және тоқыма өнеркәсібі өнімдерін, шарап тығынын (әлемде алдыңғы орында), ағаш өнімдерін, шарап, аяқ киім, қағаз, балық және балық өнімдерін, электр жабдықтарын шығарады. Сырттан отын-энергия өнімдері, химиялық өнімдер, құрал-жабдықтар, азық-түлік, көпшілік тұтынатын тауарлар әкелінеді. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері 13 840 АҚШ долл. (1997). Негізгі сауданыа серіктестері: Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия және АҚШ.