Португалияның саяси жағдай мен географиялық орны

Саяси жағдайы[өңдеу]

Португалияның саяси картасы
Ресми тілі — португал тілі. Халқы католик дінін ұстанады. Астанасы — Лиссабон қаласы Әкімшілік-аумақтық жағынан 18 округ және 2 автономиялық облыстан тұрады. 1976 ж. қабылданған конституциясы бойынша елді Президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы республикалық жиналыс. Атқарушы билік үкіметтің қолында. Ұлттық мейрамы — Португалия күні — 10 маусым (1580). БҰҰ-ға (1955), Еурокеңеске (1976), НАТО-ға (1949) және Еуроодаққа (1993) мүше. Ақша бірлігі — эскудо.

Географиясы[өңдеу]

Португалияның ең биік нүктесі - Монт Пико(Пико аралы)

Португалиядағы ең биік қырат - Серра-да-Эштрела көрінісі
Атлант мұхиты жағалауы негізінен ойпатты, құмды, аз тілімделген. Елдің солтүстік бөлігінде Месста таулы қыраты (ең биік жері — 1991 м, Серра-да-Эштрела), Тежу өзенінің оңтүстікне қарай Португалия ойпаты, оңтүстік шетінде Серра-да-Алгарви аласа таулы өлке (биіктігі 902 м-ге дейін) жатыр. Климаты субтропиктік, жерортатеңіздік. Қаңтарда орташа температура 5 — 10ӘС, маусымда 20 — 27ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400 мм (оңтүстікнде), 800 мм. (солтүстікнде) және 1200 — 2500 мм (тауда). Ірі өзендері — Дору (Дуэро), Тежу, Гвадиана. Солтүстігінде таулы-орманды, күлгін, оңтүстікнде қызыл-қоңыр топырақ тараған. Аумағының 5%-ға жуығы орман. Қасқыр, түлкі, сусар, генетта, алжир кірпісі, көптеген кеміргіштер, кесіртке, жылан, әр түрлі құстар мекендейді. Жағалық сулары балыққа бай. Негізгі табиғи қорлары: вольфрам, қалайы кен тасы, темір, уран кен тасы, қоңыр көмір кені.