Португалия туралы

Португалия, Португалия Республикасы[2] — Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Ел аты Порту (лат. Portus Cale — «жылы кемежай») қаласы атынан бастау алады. Жер көлемі 92,1 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Халқының 99%-ы португалдар, қалғанын испандықтар мен бразилиялықтар құрайды.