Ұлыбритания тарихы
Ұлыбритания аум-ндағы адамзат тіршілігінің ежелгі іздері ерте және орта палеолит дәуірлеріне саяды. Соңғы қола және ерте темір дәуірінде (б.з.б. 800 — 700 ж.) Ұлыбританияға құрлықтан кельттердің қоныс аударуы басталды. Кельттер өздерімен бірге темір ғасыры мәдениетінің белгілерін ала келді. Британиядағы кельттер мен кельттердің ықпалына ұшыраған халық шартты түрде бриттер деп аталады. Болашақ Рим императоры Ю.Цезарь Галлияны жаулап алған соң Британияға екі жорық жасады (б.з.б. 55 — 54 ж.). Б.з. 60-жылдардың соңында Британия Рим империясының ең шеткі провинцияларының біріне айналды. 3 ғ-дың соңында Ұлыбританияға солт. герман тайпаларының (англдар, сакстер, юталар, фриздер) шапқыншылығы басталды. 5 ғ-дың бас кезінде Рим үстемдігі жойылып, Британия қайтадан тәуелсіз кельт аймақтарына бөлініп кетті. 8 ғ-да Даниядан келген нормандар елдің солт.-батыс бөлігін басып алды. Король Эгберт 9 ғ-да елдің үлкен бөлігін бір мемлекетке біріктіріп, ол Англия деп аталды. 1066 ж. Британияның ұсақ корольдіктерін нормандық қолбасшы Вильгельм басып алып, біртұтас мемлекетке біріктірді.
1265 ж. ағылшын парламенті құрылды. 1337 ж. Англия Франциямен Жүз жылдық соғысқа кірісті (1453 жылға дейін).
Бұл соғыс біте салысымен ағылшын тағы үшін соғыс (“Алқызыл” және “Ақ раушан соғысы”) басталып, ол Тюдор әулетінің жеңісімен аяқталды.
1588 ж. “Жеңілмейтін армаданы” (Испан флотын) талқандау Англияны дүние жүзіндегі аса ірі теңіз державаларының біріне айналдырды.
17 ғасырдың бас кезінде Ұ. жаңа құрлықтан өзінің алғашқы отарларын иемденді.
1603 ж. Шотландия королі ағылшын тағына Яков Қ отырып, Шотландия мен Англия бір мемлекетке бірікті.
1640—1649 ж. корольдік Стюарттар әулеті мен парламент арасындағы қақтығыс азамат соғысына ұласып, нәтижесінде Оливер Кромвель бастаған республика жарияланды. Кромвель қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Монархия тез арада қалпына келтірілгенімен, король құқығы біршама шектеліп, билік тұтастай парламент жағында болды.
1651 ж. Ирландия,
1652 Шотландия басып алынды.
1707 ж. Ұлыбританияна корольдігіне бірігу жөніндегі актіге қол қойылғаннан кейін Лондон біртұтас мемлекеттің астанасына айналды.
18 ғасырдада Британдық отарлық жүйе қалыптасты.
18 ғасырдың соңында Ұлыбритания 13 америкалық отарынан айрылғанымен (АҚШ-тың жариялануы), Канада мен Үндістандағы жағдайын күшейте түсті.
1805 ж. Трафальгар мүйісінде адмирал Нельсон испан-француз флотын талқандап, Ұлыбритания “теңіз әміршісіне” айналды.
1793—1815 ж. респ. және Наполеондық Францияға қарсы соғысқа қатысқан Ұлыбритания 1818 ж. Пруссия армиясымен одақтаса отырып, Наполеон Қ-ні түпкілікті жеңді. Осыдан кейін Ұлыбритания жүз жылдай бейбіт жағдайда өмір сүріп, өзінің отарлық иеліктерін кеңейте түсті.
1899—1902 ж. ағылшындар Оңт. Африкада бурларға қарсы соғыс жүргізді. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания Антанта жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін Африка мен Азиядағы неміс отарларының біраз бөлігін иемденді. 1-дүниежүз. соғыстан кейін Ұлыбритания ауыр экон. жағдайды бастан кешірді. Ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1921 ж. Ирландия өз тәуелсіздігін жариялады. Ұлыбритания Екінші дүниежүзілік соғысқа (1939 — 1945) Гитлерге қарсы коалиция жағында қатысты.
1947 ж. Үндістан мен Пәкстанға тәуелсіздік берілді.
1945—1970 ж. британ отарларының барлығы дерлік өз тәуелсіздіктерін алды.
1949 ж. НАТО-ға мүше болды.
1982 ж. Атлант мұхитының оңт-нде Аргентина мен Фолкленд (Мальвин) аралдары үшін қарулы қақтығыс болып, қысқа мерзімдік әскери қимылдар нәтижесінде Ұлыбритания өзінің осы аумаққа бақылауын қалпына келтірді.
1979—1990 ж. Маргарет Тэтчер бастаған консерваторлар үкіметі экономикада ұтымды реформалар жүргізді. Соғыстан кейін Шотландия мен Солт. Ирландиядағы ұлт-тық мәселелер шиеленісе түсті. Әсіресе, Солт. Ирландиядағы оқиғалар ушығып, 1969 жылдан бастап мұнда азамат соғысы жүрді.
1994 ж. тамызда Ирландық Республикалық Армия (ИРА) ұрыстарды біржақты тоқтататыны жөнінде мәлімдеді. Алайда 1996 ж. ИРА жауынгерлері лаңкестік әрекеттерін қайта бастады. Отарларының барлығынан айрылғанына қарамастан Ұлыбритания әлемдегі жетекші елдердің бірі болып саналады.