Ұлыбританияның табиғаты қандай?
Табиғаты[өңдеу]
Клайдтың (170 км) эстуарийлері жасанды жолмен тереңдетілген, түзетілген, кең мойнақтар
Ұлыбританияны Атлант мұхитының Солтүстік және Ирланд теңіздері, Ла-Манш, Па-де-Кале, Солтүстік және Қасиетті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары шығанақтармен күшті тілімделген (солт-нде фьордтар, оңт-нде эстуарийлер). Неғұрлым үлкен түбектері — Уэльс пен Корнуолл. Жер бедері оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бөлігінде ойпатты жазық болып, батысында Уэльс түбегіндегі Кембрий тауларына (ең биік жері — Сноудон, 1085 м), Англияның солт-нде Пеннин (ең биік жері — Кроссфелл, 893 м) және Камберленд (ең биік жері — Скофелл, 978 м) тауларымен жалғасады. Елдің ең биік нүктесі — Бен-Невис тауы (1343 м). Ұлыбританияның солтүстік бөлігіндегі таулар мен көрікті көлдер өлкесі мұздықтар әсерінен тілімделіп, әр түрлі формаларға ие болған. Геология тұрғыдан алғанда жері түгел дерлік (тек ең қиыр оңт. бөлігі герцин қатпарлығы) каледон қатпарлығы алабында жатыр. Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы, т.б. түсті металдар сияқты қазба байлықтары мол. Елдің шығысында, Солтүстік т-дің жағалауларынан мұнай мен газдың ірі кен орындары табылған.
Ұлыбритания климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ.
Қаңтардағы орташа температура қиыр солт.-шығыстың өзінде 3,5°С-тан төмен түспесе, ал оңт.-батыста 5,5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңт.-батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы темп-раны көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солт.-шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады. Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт.-батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын.
Шілдедегі орташа температура оңт.-батыста 16°С-қа, ал қиыр солт.-батыста 12°С-қа тең. Атлант мұхиты жағынан соғатын жылы әрі ылғалды ауаның әсерінен Ұ-ның батыс аудандарына жауын-шашын мол түседі. Бұл аймақта оның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-ге жетсе, шығыс Англияда 600 мм, кей жерлерінде 500 мм шамасында ғана болады.
Ұ. су ресурстарына бай. Түсетін жауын-шашын мөлшерінің буланудан басым болуы себепті оңт.-батыстағы кейбір аудандардан басқа елдің бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері — алаптары бір-бірімен шектесетін Северн (310 км) мен Темза (334 км) өзендері. Темза өз-нің Ұ. экономикасындағы маңызы зор. Оның алабында бүкіл ел халқының 1/5 бөлігі тұрады. Үлкен Лондон да осында орналасқан. Өзендердің көпшілігі бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылған. Солт.-батыс Шотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ мол сулы өзендері электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Мұнда 60-тан аса СЭС салынған.