Англия тарихы
Б.ғ.д. 55 жылда Юлий Цезарь қазіргі Англия жеріне шабуыл жасаған. Ол кезде сол аумақта көптеген кельт тайпалары тұрған. Олар өздерін бритт деп атаған. Сол кездерден бастап қазіргі Англия және Уэльс аумақтары Рим империясының құрамына кірген.
Рим империясының құлдырауы Англия тұрғындарына басқа мәселелер тудырды. Көптеген көршілес тайпалар Аглия жеріне басып кіре бастады. Олар ішінде герман, кельт тайпалары болған. Шабуылшылар бұл жерде өздерінің кішкене мемлекеттерін құра бастады. Сондықтан, Англияның түгелдей қосылған дәл уақытын атау өте қиын. Бірақ Англия патшасы деген титул Ұлы Альфред (871—899) кезінде пайда болған.
Тарихшылардың біреулері Англия билеушілерін 1066 жылы норман шабуылынан санап бастайды. Патшалардың нөмірлерін де бұл оқиғадан бастап санайды (мысалы, ХІІІ ғасырдағы Эдуард І 1066 жылдан бастап бірінші Эдуард есімді патша болған)
Бірақ Шапқыншы Вильгельм мемлекетті құрып, біріктірген емес. Ол тек бар Англия жаулап алып, оған франк-романдық басқару қойған.
ХІІІ ғасырдың соңында Уэльс княздігі жаулап алынып, Англия патшалығының құрамына түгелдей кірді. Тәуелсіз Англия тарихы Орта ғасыр және Жандану ғасырдан кейінгі Тюдор әулетінің Елизавета І-ден басталады. 1707 жылы Англия мен Шотландия одақ құрып, Ұлыбритания Патшалығының негізі қаланды.