А́нглия елі
А́нглия (ағылш. England [ˈɪŋɡlənd]) — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының ең ірі және әкімшілік орны. Ұлыбритания аралында орналасқан (ағылш. mainland). Ұлыбританияның халқының 83 % Англияда тұрады.
927 жылы Англия бірнеше жергілікті графстволардың бірігу нәтижесінде пайда болды. Өз атын V-VI ғасырда құрылған англ деген герман тайпасынан алады. Ал Англия астанасы Лондон Еуроодақтағы ең үлкен қала болып саналады.
Англия — қазіргі көптеген жаһанды нәрселердің шыққан жері. Олардың ішінде ағылшын тілі, Англикан шіркеуі, Парламент негіздері. Ол Өндірістік революциясының отаны болып саналады.