Массагет AWARD-та

Мейіргүл енді сөйледі,
Ағындайын арқырап.
Абзалдың мына өлеңі http://massaget.kz/awardkz-2012-/4257
Шабытын кеп қамшылап.
Мен сөйлейін Жайықтың
Толқынынан нәр алып,
Нарындағы ғайыптың,
Күші бойда бар, анық.
Жалындаған жастар ек,
Қызығатын әрнеге.
Міне бүгін Массагет,
Түскен екен бәйгеге.
Түскен екен сынаққа,
Көз жанары мөлдіреп
Болса да күш, қуат та
Кетеді екем елжіреп.
Күніне бұл порталға
5 мың адам кіріп жүр,
Әр кеш пенен әр таңда
Қажеттісін іліп жүр.
Массагетім жайқалдың,
Кені болып ақылдың.
Ал мен енді порталдың
Бар ақынын шақырдым!
О, ақыным асылдай,
Жырыңменен өрледің
Іліп кеткін тосылмай
Өлеңімнің өрнегін!

Беу неткен мырзалық бұл Салтанатта,
Қарап тұрып қайранмын Салтанатқа.
Көзім түскен заман бар Мейіргүлге,
Қазір қарар шама жоқ Мейіргүлге.
Қолды қысқан кісен бер неке деген,
Шама жоқ ой ойлайтын жекелеген.
Мейіргүл қарындасым көзге ыстық,
Сыйластықпен қаланар ұлы достық.
Салтанат мына сөзді ел білмесін.
Ел біліп күн ашықта жұрт күлмесін.
Сондықтан қажет емес жолдамаңыз,
Күнді жасай білеміз жолдамасыз.
Мейіргүлге арналған ән- жырымды,
Жол үстінде Салтанат тонамаңыз.
Қолдаушы қайда жүрсек бір Алламыз,
Адами парыздарды құп алламыз.
Мұсылмандар мерекең құтты болсын,
Елімізге бақ пен құт келіп қонсын!
"Шоқан Айтбай" Беу, неткен мырзалық бұл Салтанатта,
Қарап тұрып қайранмын Салтанатқа.
Көзім түскен заман бар Мейіргүлге,
Қазір қарар шама жоқ Мейіргүлге.
Қолды қысқан кісен бер неке деген,
Шама жоқ ой ойлайтын жекелеген.
Мейіргүл қарындасым көзге ыстық,
Сыйластықпен қаланар ұлы достық.
Салтанат мына сөзді ел білмесін.
Ел біліп күн ашықта жұрт күлмесін.
Сондықтан қажет емес жолдамаңыз,
Күнді жасай білеміз жолдамасыз.
Мейіргүлге арналған ән- жырымды,
Жол үстінде Салтанат тонамаңыз.
Қолдаушы қайда жүрсек бір Алламыз,
Адами парыздарды құп алламыз.
Мұсылмандар мерекең құтты болсын,
Елімізге бақ пен құт келіп қонсын!



Кісен бе еді қол қысқан неке деген?
Ойыңыз орамсыздау "жекелеген".
Жолдамам болған еді "қыз-жігітке"
Айып па айтысқаның бикеменен?

(Жұрт күліп, жүргенім жоқ запы болып),
Тақырыпты тағы бір оқып алып.
Массагеттік мақаммен айтыс баста
Менің де қойғым келмес қапы қалып...
Қолданушы қауымы алғыс айтып,
Қолдағанға құшағы ашық портал.
Порталды менсінбестен қарғыс айтып
Қорлағанға біз емес қашып қорқар!

Алла жазса тұсау кесіп жақында
Бір жасқа ертең біздер толамыз ғой
Қазақша үздік сайттар басында
тұрғандардай біз де ертең боламыз ғой ;)
Клавиш баса саусак талып,
Массагет AWARD-та отырайык.
Достарынды шакырып алып,
Буны биз коп адамга толтырайык.
:P :lol:
AWARD-деген не өзі,бұны қалай түсінуге болады