Массагет AWARD-та
Мейіргүл енді сөйледі,
Ағындайын арқырап.
Абзалдың мына өлеңі http://massaget.kz/awardkz-2012-/4257
Шабытын кеп қамшылап.
Мен сөйлейін Жайықтың
Толқынынан нәр алып,
Нарындағы ғайыптың,
Күші бойда бар, анық.
Жалындаған жастар ек,
Қызығатын әрнеге.
Міне бүгін Массагет,
Түскен екен бәйгеге.
Түскен екен сынаққа,
Көз жанары мөлдіреп
Болса да күш, қуат та
Кетеді екем елжіреп.
Күніне бұл порталға
5 мың адам кіріп жүр,
Әр кеш пенен әр таңда
Қажеттісін іліп жүр.
Массагетім жайқалдың,
Кені болып ақылдың.
Ал мен енді порталдың
Бар ақынын шақырдым!
О, ақыным асылдай,
Жырыңменен өрледің
Іліп кеткін тосылмай
Өлеңімнің өрнегін!
Жас та болып, бас та боп, шық биікке, төрге шың.
Әлсізді артқа тастап өт, намыс кеуде кернесін,
Ол да қиын аспап ед, дөп тауып бас пернесін!
Бәсекеден қашпап ед, биік емес жаны ардан,
Жастар шапсын шапса тек, намыс оттан жаралған.
Батыры бар сапта тек - жеңіс күткен бәрі алдан,
Қап қоймасын жатта деп сан үміт пен сан арман.
Жастық шақтың шаш та төк бораны бар, ығы бар,
Бәріміз де жастар ек жанарының нұры бар,
"Алла, өзің сақта" деп, құран сөзін ұғынар,
Жеңіске жол бастап ек, оның да сан сыны бар.
Шулауда "Көш баста!" -деп жасы менен қартаңы,
Нұр шапағын шашқан ед арайлы атқан әр таңы.
Қиындықты артқа тастап өт, шаршы топты жар тағы!
Жеңіске жет, Массагет, қазақ сенім артады!
Балаңызды бізді айтып өсіріңіз.
Сыр мен мұң жаныңызды жағаласа,
Массагетке келіп бір шешіліңіз!
Массагетке жазудан жалықпаңыз,
Біз деген тым қонақжай қалыптамыз.
ұшқыңыз келсе аспанда қырандай боп
Қазақтың сайтына кеп қалықтаңыз!
Интернетте дамылсыз "тасырлаңыз"
біз қазір жиырма бірінші ғасырдамыз
Ішіңізде құпия болса да көп
Массагеттен ештеңе жасырмаңыз!
Массагетте отырып көбісіміз,
Талай талай жақсымен көрісіңіз
Алла жазса, алдыда бас жүлде алған
Массагетпен жеңісті бөлісіңіз!
Массагетке біршама кірмей кеттім.
Сағынып Массагеттің сұлуларын,
Арып-ашып алыстан келіп жеттім.
Армысың керім сұлу Мейіргулім,
Сен үшін гүлін тердім өлең-жырдың.
Сен үшін қайта оралдым осы маңға,
Жетпейді екен еш сұлу сендей жанға.
Асыл сөзді қашан да
Массагетті қия алмай
Оралыпты Шоқан да.
Қош келдіңді аямай
Қарсы алайын өзіңді
Мынау мекен аядай
Ұғар әрбір сөзіңді.
Дегенменен қазағым
Айтып кеткен ұлы сөз
Сарқылмасын жазарың
Бар пәленің түбі - сөз.
Мына айтыста шырғалаң
Қайда берген "батамыз"?
"Қайта келген қыз жаман"
Деген еді атамыз...
Сұлу сөзді кестелеп рухымды күйретті.
"Қайтқан малда қайыр бар...",
Қайтқан қызды білмедім..."
Айыппа екен орала Массагетке келгенім.
Өмір деген құзар шың биігін ғана көздедім,
"Аласы адам ішінде..." сөгерінді білмедім...
Массагет деген ауылда бір өзіңді іздедім...
Массагетке асықпыз
Әр айдарын жаттап ек.
Тақырыпты ашыппыз
Авардта деп Массагет.
Әркім жақын-жырақтан
Массагетін қолдасын
Массагетті ұнатқан
Әрбір қазақ жолдасым
Ахметтей өр бабам...
Бабалар айтқан өсиет,
Рухымды өсірет.
Достық деген парасат,
Пайымдар болсаң саясат.
Сағынғаннан өзіңді,
Жолдадым жырдан тілше хат.
Мейіргүлім шаттығым,
Бақыттымын тап бүгін.
Достықтын кілтін алайын,
Көнілінді табайын...
"Авардта, - деп - Массагет".
Тақырыптан ауытқи
Бермеуің де жақсы әдет
Сезім жайлы бұл бала
Айта берді мұнда да.
Арнайы алаң бар еді
Міне саған жолдама:
http://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=163&t=410&start=10
Десе де жылға татыр жыр толғапты.
Жастары жасқа лайық жалын атып,
Үлкені үміт артып, шын қолдапты.
Массагет, іргесі оның берік болғай,
Елінің еркесі боп, еріп балдай.
Шашбауының шашағын шашып алмай
Көтере берем дәйім, берем қолдай...