Джеки Чан кімнің сүйікті актері?

Джеки Чан менің де сүйікті актерім. Сондықтан Джеки Чан туралы мәліметтерді осы жерге жинақтасақ деген шешімге келдім ) Сіздің де сүйікті актерыңыз Джеки болса, ол туралы білетініңізбен бөлісіңіз )) Қандай киноларын сүйіп көретініңізді де жасырып қалмаңыз :)

Уикипедия бүйдейді: Джеки Чан 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында туған. Шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бастан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драмалық академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді.
Менің жақсыыыыыыы көретін актерііім<3 Киноларының барлығы ұнайд, әсіресе кино соңында көрсететін шықпай қалған кадрлер күлкілііі :lol: барлық трюктарды өзі істейді, ощм керемет актер ғой.
Киноларын калдырмай коремiн. Кызыкты,кулкiлi,шебер сомдалган. Асiресе,коп трюктарын каскадерларга жугiнбей,озi орындайтыны унайды. Нагыз актерлык деген солгой.
Ал мен болсам, Джеки Чанның барлық киноларын көргенмін, шын айтам, біреуін қалдырмай көрдім, нағыз фанаткамын )))
Қазір көрінбей кетті ғой. Тірі ме екен өзі?! :roll:
тірі әринееее )))
"Шпион по соседству"деген киносын корген екенмiн сонгы рет. Жалпы,жана тусiрiлген фильмдерi барма? Жаза кетсенiз.
Маған ұнайды. Час Пик 1,2. Кто я? мәссаған барлық киносы ұнайды. Час Пикте қылықтары қызық әсіресе, басын қимылдатып билейтін жері ұнайды :lol:
Менің де сүйікті әртісім ғой, бәрін дей алмайтын шығармын, бірақ фильмографиясының тоқсан пайызымен таныспын. Есімде, баяяяяяяғыда үйде тд жоқ кезде мамамнан "Болат ағалардың үйіне барып келейінші, Джеки Чанның киносы болады екен" деп сұранатынмын. Ата-анамның еш сөзге келмей, "қандай? Не туралы?" деп тексермей-ақ көруге рұқсат ете беретін фильмдер тізімі мынадай: 1) қазақы фильмдер. 2) корей сериалдары. 3) Джеки Чан ойнайтын фильмдер. 4) үнді фильмдері.

Осыдан бірнеше жыл бұрын тд-дан Джеки туралы мультсериал болатын еді ғой және серия біткенде Джекидің өзі сөйлейтін, бірде кезекті серияның соңында бірнеше тілде амандаса алатынын айтып жатыр екен, сонда "қытайша - нихау, ағылшынша - хай" деп тағы біраз тілдерде айтып, бір кезде "қазақша - ассалаумалейкум" демесі бар ма? Шалқамнан түстім. Содан кейін Джекиді көрсем нағашымды көргендей қуанам...

"Ұшқын Мейіргүл Оңғарова" тірі әринееее )))

тек, әттең, уақыт-шіркін Джекидің де бет-жүзін әжіммен "шимайлапты" біраз, сыздатыпты жүрегін, еңкейтіпті еңсесін. "Каратэ бала" фильмін көріп еңіреп жылап алғам, мәңгі қартаймайтындай көрінген Джеки де уақыт алдында қауқарсыз екен ғой(((