Қазақ жұлдыздары жайлы қызықты деректер

Қазақ жұлдыздары жайлы қызықты деректер

Мөлдір Әуелбекова жайлы қызықты фактілер:

1) Есiмiмдi, Анам толғатар алдында, түсiне қара шал кiрiп, Мөлдiр деп атаған.
2) Фильмнiң(ғашық жүрек) өмiрiме қатысы жоқ. Менiң толыққанды отбасым бар.
3) Апам суырып салма ақын, айтыскер болған.
4) "қазақ қызы" екенiмдi мақтан тұтамын.
5) жетiмдер мен қарттар үйi көбейiп бара жатқаны қатты қыңжылтады.
6) Жаман әдетiм: ернiмдi тiстеймiн.
7) Табиғи арықпын.
8) Денемде ешқандай татуировка, татуаж, жасанды дүниелер жоқ.
9) Бойым 172см, салмағым 50келi.
10) Бала кезден әншi немесе спортшы болуды армандадым.
11) Моля деп атағанды ұнатпаймын, азан шақыртып қойған есiмiммен Мөлдiр деп атаса екен деймiн.
12) Тырнақ өсiрмеймiн.
13) Оң қолымда, алақан сыртынан бiлекке дейiн күйiктiң iзi бар.(5 жасымда сүтке күйген)
14) Кәсiби деңгейде вокалмен 18 жасымнан айналысамын.
15) Түс көрмей ұйықтауды армандаймын, ұйықтағанда мiндеттi түрде түс көремiн.
16) Алғашқы жалақым 2.000 тг,
14 жасымда оқушы қызға домбыра үйреткенмiн.
17) Инстапарақшамды тек қазақ тiлiнде жүргiземiн.
18) Шай, кофе, газдалған сусын, терта пакеттегi сусындарды iшпеймiн.
19) Жаурағышпын.
20) Сiздердi қатты жақсы көремiн!
Асхат Садырбай жайлы 20 дерек:


1.Толық аты-жөнiм: Садырбаев Асхат Мұратұлы. Достарым Асик, сыйластар Асеке деп атаса, анам Асхан деп еркелетедi. 2-3. 1986.6.06 ОҚО,Шымкент қ.туылғам.Төлеби ауд.Абай ауылында өсiп,сол жердегi орта мектептi үздiк бiтiрдiм.
4-5. Ұлтым ҚАЗАҚ,дiнiм ИСЛАМ 6. Садырбай-бабамның аты (әкемнiң әкесiнiң әкесi).Елiне сыйлы ақсақал,шабандоз болған. Көпбалалы отбасыданмын,5 ағайындымыз.
7-8. Ауылда өскендiктен жылқы,қой баққанбыз.Күнбағыс(пiсте,шемiшке),сыпырғы,ноқат(горох) ж-е т.б бақшада өсетiн дақылдарды өсiрiп,нанын жегенбiз.
9.Миллионердiң баласымын.Әкем кәсiпкер болған,балалық шағымызда ақша үйде қаппен жататын.Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары кәсiбi тоқтап қалды.
10-11. Еңбекке ерте араластым. Мектепте оқып жүрiп, сауда саттым,орыс тiлi пәнiнен олимпиадаға да қатысып ауылдың атын шығарғам.
12-13. Журналистика мамандығын оқып бiтiру үшiн 3 оқу орнында оқыдым.Диплом ҚазҰПУдан бұйырды.
14-15-16. Студент кезiмде КВН ойнағам, ән айтып кафеде,dj болып клубта,даяшы болып мейрамханада ақша таптым. 17. Еңбек кiтапшама 2-курстан бастап мөр басылған.Диплом алмай тұрып штаттағы журналист болу бақыты бұйырған. 18. Арақ iшiп көрмегенмiн,көргiм де келмейдi.
19. Жеке өмiр жайлы әзiрге ештеме айтқым келмейдi,уақыты орайы келгенде жасырып қалмаспын.Аллаға шүкiр ұлым өсiп жатыр.
20. Мен туралы неше түрлi әңгiмелердiң авторларына ренжiмеймiн.Кездесiп жатсам шәй берiп,шапан жапқым келедi! Адамның емес Алланың алдындағы есепке уайымдаймын. Өткендi қозғай бермей,болашаққа нық қадаммен! Арманым өмiрден мұсылман адам боп өту!
Қызықты деректер. Рахмет!