Жастар
Жастар тағы да жастар!!! Менің жасым 21-де. Менің түсінбейтінім өзіммен замандас құрдастарымның көбісі сыпайлылық, сыйластық, құрмет көрсету дегенді білмейді. Айтайын дегенім, өткенде банкте кезек күтіп тұрмыз, сонда бір жас қыз үлкен қарияға балағаттап, айтпаған сөзі жоқ. Сондағы менің ызам келді сол қызға, әттең жігіт болса ондырмас едік....Ал жастар, ойға қанағаттанарлық қандай ой-пікір жазасыздар?? Менің білетінім ондай жастар мына форумға да кірмейтінде шығар.
Автобус керек болса, оны да айтайын, бір апай өз баласымен мінген болатын, апаға бір қыз орын берді, өзі отырды да баласын алдына алайын десе ыңғайсыз болды портфелі кедергі болды-ау, сол арада қасында отырған жас жігіт дереу балаға орын бере қойды. Ал бірде мынадай оқиға болды: бір жігіт (аяғы жарақатты екен) мінген еді автобусқа алдыда отырған бір апа орын берді, бірақ үлкеннен ұялған жігіт отырмай қойды. Міне қандай тәрбие!!!
Жалпы барлық нәрсе тәрбиеге байланысты. Балаға үлкенге құрмет көрсетуді дұрыс үйретпесе он қария тұрса да орнынан қозғала қоймас.