Нағыз пайдалы қазбалар тізімі
Қазіргі кезде бейметалл пайдалы қазбалар өздерінің жетекші пайдалы қасиеттері мен өнеркәсіпте қолданылуының басты бағыттары бойынша үш топқа бөлінуі мүмкін: 1) индустриялық шикізат: асыл, әшекей және техникалық тастар - алмас, лағыл (рубин), жақұт (сапфир), зүбаржат (изумруд), табас (топаз), анартас, малахит, ақық, т.б.; пьезооптикалың және электротехникалық шикізат - пьезокварц, исланд шпаты, оптикалық кварц, оптикалық флюорит, мусковит, флогопит; жылу- және дыбысоқшаулауыш, қышқыл және сілтітөзімді, сонымен қатар оттөзімді материалдар мен металлургиядағы қоспа шикізат - графит , асбест (хризотил мен амфибал), тальк, магнезит, флюорит, ауыртас (барит), витерит; табиғи оптағыш-жұтқыштар (сорбенттер) - цеолит, бентонит, т.б.; 2) химиялық және агрономиялық шикізат: минералдық тұздар - калийлі, калий-[[ магнийлі, астұз , натрий сульфаты, табиғи сода; фосфор шикізаты - апатит пен фосфорит; күкірт пен бор шикізаты; 3) кұрылыс материалдар өнеркәсібі үшін минералдық шикізат: жеңіл бетон толтырғыштар мен жылуоқшауағыш материалдар өндірісі үшін - көбіктас (пемза), жанартау және әкті туф, диатомит, трепел, опока, перит, вермикулит; құрылыстық және қаптама тас - магмалық, шөгінді және метаморфтық таужыныстар; байланыстырушы материалдар өндірісінің шикізаты - карбонат таужыныстар, гипсит пен ангидрит; құрылыстық құм мен құм-гравий материал; керамикалық шикізатсаз бен каолин, далашпат, пегматит; шыны шикізаты; тасқұю шикізаты; минералдық пигменттер. Индустриялық шикізатқа біріктірілген пайдалы қазбалар - айрықша физикалық қасиеттері бар (жылуға төзімді, оттөзімді, қаттылыгы жоғары, пьезоәлектрлік және оптикалық қасиеттері бар, т.б.) минералдар мен таужыныстар. Олар табиғи күйінде немесе байытылғаннан кейін пайдаланылады. Химиялық және агрономиялық кен құнды химиялық элементтер мен қосылыстар айырып алу үшін терең өңдеуден өтеді. Ал үшінші топқа жататындар - құрылыс материалдары өнеркәсібінде табиғи күйінде, сонымен қатар термикалық немесе физикалық - химиялық өңдеуден кейін қолданылатын тау-жыныстар. Бұл бөлінген топтардың шекарасы қатаң емес. Көп мақсатта қолданылатын бейметалл пайдалы қазбалардың жекелеген түрлері (барит, магнезит, гипс, ангидрит, флюорит, кварц, далашпат, нефелин, т.б.) жіктелімнің әр түрлі тобына жатқызылуы мүмкін.[2