Бейметалл пайдалы қазбалардың жіктелімі қандай?

Бейметалл пайдалы ңазбалар өздерінің айрықша физикалық және физикалық-химиялық ңасиеттері, минералдық құрамының ерекшеліктері, сонымен қатар әр түрлі өнімдер мен материалдар алу мүмкіндігі бойынша кең пайдаланылады. Олар құрамынан металдар айырып алуға (калий, магний, натрий, т.б. айтпағанда) және табиғи отын ретінде (зымыран отыны болатын бор қосылыстары мен фтор қосылыстарын санамағанда) қолданылмайды. Бейметалл пайдалы қазбалар тобы түрлерінің саны бойынша металл пайдалы қазбалар тобы мен жанғыш пайдалы қазбалардан әлдеңайда көп. Бейметалл пайдалы қазбалар табиғи түрінде немесе алдын ала өңдеуден кейін пайдаланылады. Табиғи күйде қолданылатындар - минералдар мен таужыныстар; асбест, қабаттас (слюда), тальк, исланд шпаты, алмас, оптикалық флюорит, асыл және әшекей тастар, анартас, корунд сияқты өнеркәсіптік минералдар; құм, гравий, ңүрылыс тастары (магмалық, метаморфтық және шөгінді таужыныстар); оттөзімді, жылуоқшаулауыш және байланыстырушы материалдар ретінде пайдаланылатын графит , диатомит, магнезит пен доломит; астұз, цеолит, бентонит және басқа табиғи сорбенттер. Өңделген күйде пайдаланылатындар - шыны (кварц құм, далашпат), керамика, қышқылтөзімді және жылуоқшаулауыш материалдар (саз, кремний таужыныстар, вермикулит, т.б.), байланыстырғыш заттар (әктас, бор, мергель, гипсит), минералдық тыңайтқыштар (фосфоит, апатит ) , химиялық өнімдер (күкірт, күкірт ті таужыныстар , бораттар, минералдық тұздар, барит, т.б.) алуға жарамды минералдар мен таужыныстар. Өнеркәсіптік өңдеу үдерісінде құнды химиялық элементтер, минералдар мен минералдық агрегаттар алу үшін пайдаланылатын бейметалл пайдалы қазба түрлеріне қатысты "кен" термині қолданылады. Оларға асбест, графит , слюда (мусковит, флогопит), апатит, фосфорит, күкірт, барит, калийлі және басқа да көптеген кендер жатады. Бейметалл пайдалы қазбалар металл және жанғыш пайдалы қазбалардан сапасын бағалау мен өнеркәсіптік қолдану бағыттары бойынша айрықшаланады. Оларды зерттегенде маңыздысы - құрамындағы пайдалы компоненттер мөлшерін анықтау ғана емес, бастысы - өңдеу технологиясы мен ақырғы өнеркәсіптік өнімнің сапасына әсер ететін техникалық және физикалық- химиялық қасиеттерін анықтау. Сондықтан бейметалл пайдалы қазбалардың сапасы стандарт, техникалық шарт пен кондиңиялар арқылы шектеліп, олардың әр түрінің, түрлесінің және шикізат сортының өнеркәсіптің белгілі бір саласында қолдану мүмкіндігін анықтайды. Бейметалл пайдалы қазбалар көбінесе көп мақсатта қолданылатын шикізат болып табылады. Мәселен, флюорит өзінің сапасының нақты көрсеткіштеріне байланысты оптикада, шыны, металлургия мен химия өнеркәсібінде; күкірт - ауыл шаруашылығында улы химикаттардың құрамдас бөлігі ретінде, химия, резеңке, қағаз бен тамақ өнеркәсібінде; неолиттер - ауыл шаруашылығында, газдарды, табиғи және ақаба суды тазартуға, металдар айырып алуға қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, көптеген бейметалл пайдалы қазба Қасиеттерінің ортақ болуына байланысты өнеркәсіпте бір-бірін алмастыруы мүмкін. Бұл жағдайлар бейметалл Пайдалы қазба кенорындарының зерттелуі мен өнеркәсіптік құндылығын бағалаудың күрделілігін білдіреді. Пайдалы қазбалар қорын, құнды компоненттер мөлшерін (бейметалл кен үшін), өндіру мен өңдеудің кен-технологияльщ жағдайларын анықтаумен қатар олардың физикалың-механикалық, физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін зерттеу қажет. Осының негізінде шикізат сертификацияланады және әр сорт үшін өнеркәсіптік қолданылуының нақты бағыттары анықталады Бейметалл пайдалы қазбаларды өнеркөсіптік қолданылуы бойынша жіктеу, олардың әр түрлілігіне және пайдаланылуының көп мақсаттылығына байланысты күрделі мәселе болып табылады. Жіктелімдер ішінде ең белгілілері - П.М.Татаринов, Б.М.Крейтер, Б.Бейтс, И.Ф.Романович, В.М.Борзунов, Н.П.Ермаков пен В.И.Смирнов ұсынған нұсқалары. Олар бейметалл шикізаттың практикалық пайдалану салаларын минералогиялық-петрографиялық ерекшеліктері, пайдалы қасиеттерінің сипаты және өңдеу жағдайлары бойынша бөлуді қарастырады. Жіктелімдердің көпшілігінің басты кемшілігі - бір пайдалы қазбаны өр түрлі жіктелімдік топқа жатқызу қажеттілігіне байланысты болуында.